Қоғам

Не қазақша түсір, не орысша түсір – журналист режиссерлерге шүйлікті

Танымал журналист Данияр Есен қазіргі қазақ киноларын сынады әрі қазақ қоғамын дүбәрә тілде түсірілген фильмдерге бармауға кеңес берді.

Сіздер маған ренжімеңіздер, бірақ өтірік мүләйімсімей, шындығын айтайын. Маған қазіргі шығып жатқан қазақ кинолары ұнамайды. Бәрі – арзанқол, «комедия-сымақтар». Аттары да қойыртпақ тілде. «Жездуха» дей ме, «Балашка», «Ищу тоқал для мужа», «Бешбармак», «Бажуха» дей ме, әйтеуір бәрі дүбәрә тіл. Атауын не таза қазақша қою керек, не таза орысша, ағылшынша қою керек. Қойыртпақ атауы үшін, көп киноға бармадым,

дейді журналист.

Aikyn.kz. хабарлауынша, ол қазіргі фильмдердің 99 пайызы аралас, дүбәрә тілде түсірілгеніне қынжылды. 

Жақында «Брат или брак» деген фильмге бардым. Кейіпкерлер қазақша сөйлеп келе жатады да, екінші сөйлемін орысша жалғастырып кетеді. Немесе орысша сөйлеп жатады да, келесі сөйлемін қазақша жалғастырып кетеді.  Сонда бұл не болды? Өздеріне осы сұрақты қойсаң, «Біз шынайымыз. Халық қай тілде сөйлесе, сол тілде түсіреміз» деп ақталады. Одан кейін 1 млрд теңге касса жинадық деп мақтанады. Жинай берсін. Одан да көп жинасын. Ақша тауып жатқан қазақтың жігіттері ғой. Қызғанбаймын. Берекелі болсын. Бірақ ана тілімізді қорламау керек. Өйстіп жүріп, тіліміз ассимиляцияға ұшырап, түбі жоқ болып кетуі ықтимал,

дейді Данияр Есен.

Журналист оқырмандарына мұндай фильмдерге бармауға кеңес берді. Ал режиссерлерден қазақ тілін қорламауды сұрады.

Айналайын, режиссер-сымақтар, қазақ тілін дәл бұлай қорлауға ешкім құқық берген жоқ сендерге?! Не қазақша түсір, не орысша түсір. Болды. Біреу «Көш жүре түзеледі» дейді. Сенейік. Күтейік. Бірақ қаншама жыл теперіш көріп, сол қиындықтан аман қалған қазақ тілін дәл осылай қорлауға ешкім жол бермейді. Құрметті оқырмандарым, сіздерді қойыртпақ, дүбәра тілдегі фильмдерге бармауға шақырамын. Ақшасы азайып қалғаннан кейін, өздері-ақ түсінер,

деп жазды журналист әлеуметтік желідегі парақшасында.
Сайт Әкімшілігі

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago