«Не үшін киіп жүргендерін білмейді». Актриса хиджаб пен тюрбан киетіндерді сынады

Қазақ дәстүрлері мен киім үлгісін дәріптеп жүрген актриса Айнұр Жүгінісова тақия киіп, тюрбан тағатын келіншектерді сынады.

Бұл туралы Айнұр Жүгінісова Ләйлә Сұлтанқызына берген сұхбатында айтты. Оның айтуынша, көп келіншек «кимешекті үлкен кісілер киеді ғой деп» жаңылысады.

Кимешек кию — мәртебе. Екінің бірі кимешекті кие алмаған, оны кию арман болған. Кимешек деген — авторитет. Ажырасқан әйел оны кие алмаған,

дейді актриса.

Айта кету керек, Айнұр Жүгінісова «Қазақ аналары — дәстүрге жол» жобасын ұйымдастырып, ұлттық дәстүрлер мен ұлттық киімдерді күнделікті өмірге енгізуді дәріптейтін елдің түкпір-түкпірінде кездесулер өткізіп жүр. Осы жоба аясында тақияны әшекейлеп, трендке айналдырған.

Бір жыл бұрын тақияны ешкім кимейтін. «Қазақ аналары» болып осыны сәнге айналдырған соң, қазір екінің бірі киеді. Бірақ біреу түсініп киеді, біреу түсінбей киеді. Тақияны тұрмысқа шықпаған, қыз балалар киеді. Бүгінде оны келіншектер де киіп алатын болды,

дейді Жүгінісова.

«Келіншектер тюрбан киюіміз керек пе?» — деген Сұлтанқызының сұрағына дәстүрлерді дәріптеуші актриса ол дұрыс емес деді.

Тюрбан – ол біздің ұлттық киім емес. Қазақ сән-салтанатымен жүрген халық. Әдемі жүргенбіз, әппақ болып жүргенбіз, кимешегі кірлемеген халықпыз. Енді келеміз де, африкалықтардың қара жұмысқа киетін жұмысшыларының бас киімін трендке айналдырамыз. Тюрбанды қара нәсілділер жұмысқа киген. Яғни қазақ келіншектері тақия да, тюрбан да емес, кимешек киюі керек

деді актриса.

Бұған дейін Айнұр Жүгінісова қазірде қазақ әйелдері көп киетін хиджабты да қолдамайтынын да айтқан еді.

Орамал бір ғой, бірақ әр ұлттың тарту үлгісі бар. Хиджаб киген нәзік жандыларымызды көргенде «Шіркін-ай, қызым, осыны былай байласаң, қазақша болып шыға келеді, айырмашылығы осы ғана» деп айтқым келеді. Бұрын 5 пайыз болса, қазір 30-35 пайыз қыздарымыз оранып алған. Мен оған көнер едім, егер өзіміздің киіміміз болса. Бірақ ол өзге ұлттың киім үлгісі ғой. Құдайға шүкір, өзімізде бәрі бар, бай халықпыз. Тіліміз де, дәстүріміз де бар, ырымға да баймыз. Жас ерекшелігіне байланысты киім түрі бөлініп отырады. Кимешектің өзінің бірнеше нұсқасы бар. Сондықтан істегеніңді істер деп, үн-түнсіз өзім киіп алдым. Оның әдемілігін көргеннен кейін еретін адам өзі ереді ғой.

Хиджап киген қыздарға да ренжи алмаймын. Оның тең жартысы бала. Білмейді де не үшін киіп жүргенін. Әйтеуір жұртқа қарап киді, біреу «әурет жерді жабу керек» деген соң жаба салды. Өйткені біздің қазақтың киімдері қолжетімді бағада еш жерде сатылмайды, тігілмейді. Тапсырыс берсең, бір костюміңнің өзі 200-300 мыңға шығады. Бұл ақшаға қазақтың киімін кие ма, бала-шағасын асырамай ма қазіргі заманда ойлап қарасаңыз. Ал жаңағы хиджаб дегеніңіз қазір екінің бірі сатып жатқан, тиын тұратын нәрсе. Мүмкін сондықтан да шығар жақсы таралып кеткені. Бұл бизнес! Жақсы маркетолог жасаған енді кім болса да.

деді Айнұр Жүгінісова Ernur.kz сайтына берген сұхбатында.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

19 часов ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago