Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Маңызды > Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары немен аяқталуы мүмкін?
Маңызды

Нэнси Пелосидің Тайваньға сапары немен аяқталуы мүмкін?

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 03.08.2022
Обновлено 03.08.2022 в 11:08
Поделиться
Поделиться

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Тайваньға барса шұғыл түрде қатаң шаралар қолданамыз деген Қытай билігінің бопсалауға қарамастан, 2 тамыз күні кешке Нэнси Пелоси мінген ұшақ Тайвань астанасы Тайбэйдегі Суншань әуе базасының әуежайына келіп қонды.

Мазмұны
Келгенің үшін орденТайвань халқының үлкен досыҚытай не дейді?

Айта кету керек, Пелосидің Тайваньға ұшуын шамамен 3 миллион адам бақылап отырды. Бұл туралы Flightradar қызметінің веб-сайтындағы хабарламада айтылған. Бұл көрсеткіш сервис үшін рекордтық көрсеткіш болып табылады.

Келгенің үшін орден

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Пелоси сапарын Тайвань президенті Цай Инвэньмен кездесуден бастады. Әңгіме басталмас бұрын Тайвань Президенті Пелосиге Вашингтон мен Тайбэйдің қарым-қатынасын ілгерілетуге сіңірген еңбегі үшін үкіметтің «мейірімді бұлттар ордені» медалімен марапаттады.

Сурет: Фокус

Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесу барысында Пелоси АҚШ делегациясының Тайваньға сапарының басты себебін атады. Бұл — АҚШ Конгресінің делегациясы Вашингтонның аралды қолдауға деген адалдығынан бас тартпайтынын түсіндіру.

Делегациямыздың Тайваньға келу себебі, біз Тайваньға адалдығымыздан бас тартпайтынымызды және уақыт сынынан өткен достығымызды мақтан тұтатынымызды білдіру,

деді Пелоси.

Тайвань халқының үлкен досы

Кездесулер барысында Өкілдер палатасының спикері Пелоси Тайваньмен парламентаралық байланыстарды кеңейтуді ұсынды. АҚШ Конгресінің Өкілдер Палатасының спикері Нэнси Пелоси Қауіпсіздік, Экономика және өзара қызығушылық тудыратын басқа да салаларды талқылау үшін Тайваньмен парламентаралық байланыстарды кеңейтуді ұсынды. Бұл туралы ТАСС хабарлады.

Біз парламентаралық ынтымақтастық пен диалогты кеңейткіміз келеді,

деді ол 3 тамыз, сәрсенбіде Тайваньның заң шығарушы юанінде (парламентінде) заң шығарушы вице-спикер Цай Цичанмен әңгіме барысында.

Өз кезегінде Цичан Пелосиді «Тайвань халқының үлкен досы» деп атады және оның аралға сапарын жоғары бағалады. Қысқаша сәлемдесу бөлімінен кейін саясаткерлер диалогты жабық баспасөз режимінде жалғастырды.

Пелосидің Тайвань Парламентіне келуі туралы бұрын хабарланған. Ол Тайваньның әртүрлі саяси партияларының өкілдерімен кездеседі деп күтілуде. Оның келуіне қарай парламент ғимаратының негізгі кіреберісінде қызыл кілем төселді.

Қытай не дейді?

Ненси Пэлоси Тайваньға барған жағдайда «әскери жауап болуы да мүмкін» екенін айтқан Қытай билігі әзірше экспорт және импортты шектеумен ғана шектелді. Атап айтқанда, Қытай 3 тамыздан бастап Тайваньға құм экспортын тоқтатты, деп хабарлады RBK басылымы Қытайдың сауда министрлігіне сілтеме жасап. Сондай-ақ, сәрсенбіден бастап Тайваньнан цитрустық жемістер мен мұздатылған балықтың кейбір түрлерін әкелуді тоқтатты, деп хабарлады ҚХР Бас кеден басқармасы.

2022 жылдың 3 тамызынан бастап цитрустық жемістерді, салқындатылған қылышбалық пен мұздатылған ставридаларды Тайваньнан материкке әкелуді тоқтата тұру туралы шешім қабылданды,

делінген хабарламада.

Мұндай шешім соңғы уақытта осы өнімде карантиндік зиянкестер, сондай-ақ СOVID-19 бірнеше рет анықталғандықтан қабылданып отыр делінген.

Дегенмен, ҚХР СІМ қаруды бақылау департаментінің директоры Фу Цун ТАСС басылымына Қытай Тайваньмен бейбіт жолмен бірігу үшін бәрін жасайды, бірақ әскери шараларды қолдануды жоққа шығармайтынын айтқан.

Фу Цунның айтуынша, әскери сценарий ҚХР-да «ықтимал сепаратистерге қарсы жеткілікті тосқауыл үшін қолданылады».

Ал сәрсенбіде ҚХР Мемлекеттік Кеңесі жанындағы Тайвань істері Кеңсесінің өкілі Ма Сяогуан Тайваньның билеуші Демократиялық Прогрессивті партиясының (ДПП) деструктивті әрекеттері және оның шетелдік саяси күштердің аралды материктік Қытайдан оқшаулау әрекеттері Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэнь билігінің құлдырауын тездетеді және аймақты терең дағдарысқа душар етеді деп мәлімдеме жасады.

Біз Цай Инвэнь және ДПП-ны шетелдік күштердің қолдауымен Тайвань тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арандату нәтижесі аралдың қазіргі басшылығының құлдырауын тездетеді, сонымен бірге бұл аймақты үлкен апат жағдайына душар етеді деп ескертеміз,

делінген таратылған мәлімдемеде.

Ма Сяогуан атап өткендей, Цай Инвэнь және оның айналасындағылар «өз халқының мүдделерін саудалайтын тар жеке және өзімшіл партиялық көзқарастарды басшылыққа алады. Бұл әрекеттер сәтсіздікке ұшырайды.

Бірде-бір адам, бірде-бір саяси күш Қытайдың егемендік пен аумақтық тұтастықты қорғау шешімін жете бағаламауы керек,

деп толықтырды Ма Сяогуан.

Естеріңізге сала кетейік, Тайваньды 1949 жылдан бері өз әкімшілігі басқарады. Әкімшілік Чан Кайши (1887-1975) бастаған Гоминьдан күштерінің Қытай азаматтық соғысында жеңіліске ұшыраған кезде бір бөлігі аралға қашып кеткен кезінде құрылған. Содан бері Тайбэй коммунистер билікке келгенге дейін бұрынғы Қытай Республикасының туы мен басқа да атрибуттарын сақтап келеді. Бейжіңнің ресми ұстанымына сәйкес, көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да, бұл ҚХР провинцияларының бірі деп есептейді.

Оқи отырыңыз: Тайвань: АҚШ пен Қытай текетіресі

ТЕГи: Геосаясат, Главное
Анара Бауыржанқызы 03.08.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?