Фото: ашық дереккөзден
Әлеуметтік желілерде Непалда құлаған ұшақ бортынан түсірілген видео таралып жатыр. Жолаушылардың бірі қайғылы оқиға алдында Facebook-те тікелей эфирге шығып отырған.
Жолаушылардың бірі, Үндістан тумасы Сону Жайсвал (Sonu Jaiswal) есімді 35 жастағы адам Facebook арқылы тікелей эфирде отырғанда ұшақ апатқа ұшыраған сәтті түсіріп алған, ол өзі және тағы 67 адам қаза тапты.
Ер адам өзін, борттағы жолаушыларды, сырттағы көріністі видеоға түсіріп отырған. Кадрларда ұшақ төмендей бастағанын көруге болады. Кенеттен айқай естіліп, жағдай күрт өзгереді. Ер адамның камерасына жазылған соңғы нәрсе — шарпыған жалын, сықырлау және металл құрылымының сынықтары.
Еске салайық, «Yeti Airlines» әуекомпаниясына тиесілі ұшақ жексенбі күні Непалдың Покхар аймағында апатқа ұшырады. Әуе кемесі Катмандуға бағыт алған. Бортта 72 адам болған. Оның 68-і жолаушы, қалған төртеуі экипаж мүшелері. Оның ішінде екі сәби мен 15 шетелдік азамат болған. Барлығы қаза тапты. Қазақстан СІМ жолаушылар арасында қазақстандықтар болмағанын хабарлады.
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…