Непалдағы ұшақ апатында қаза тапқандардың бірі Қазақстанда тұрып жүрген. Оған қоса ол жүкті болған. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.
«Комсомольская правда» газетінің мәліметінше, 33 жастағы Ресей азаматы Елена Бандуро тревел-блогер және SMM маманы болған. Ол кейінгі бірнеше Қазақстанда өмір сүрген. Дегенмен кейде жұмыс бабымен шет елдерге барып жүрген.
Апатқа дейін марқұм туыстарына өзінің жүктілігін айтқан. Елена Непалға жұбайы Максимге бара жатқан.
Айта кетейік, Yeti Airlines әуе компаниясының ATR 72 жолаушылар ұшағы жексенбі таңертең құлады. Лайнер Катмандудан Покхара қаласына ұшып бара жатқан. Алайда қонар сәтте өрт шығып, өзен маңына құлаған. Ұшақта болған 72 адамның барлығы қаза тапты. Оның төртеуі — экипаж мүшелері.