Кредитін кешіруді сұраған азаматтардың 80%-ның өтініші қабылданбапты.
Әрбір кері қайтарылған құжатқа нақты себеп бар, дейді Мемлекеттік кірістер комитеті.
Qazaqstan ұлттық арнасының хабарлауынша, банк алдындағы берешегін 1 жыл бойы төлей алмағандардың өтініші бірден қабылданады. Ал, өзін банкрот деп тануды сұрағандардың көбі бұл мерзімге жетпей жатып өтініш беріп жатыр екен.
Кредит жартылай өтелсе де, банкроттыққа ілігу мүмкін емес. Сондықтан әлеуметтік жағдайыңызды банкке барып, алдын ала ескерткен дұрыс дейді мамандар.
Өзіңді банкрот деп жариялауға асықпа!
Мысалы, банк алдындағы 500 мыңдай берешек үшін қарыздан жалтарып, банкроттықпен құтыла қоятын ойыңыз болса, ең алдымен, несие тарихыңыз бүлінеді. Кейін (бала өседі, оқуға түседі, үйленеді/тұрмыс құрады) қаражат керек болған кезде банк заң бойынша сізге кредит беруден бас тарта алады.
Банкроттық осылайша борышкердің жолын бөгейді. Азаматтың 5 жыл бойы кредит ала алмайтыны өз алдына, 3 жыл қаржылық әлеуеті қатаң бақылауда болады.