Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Галерея > Әнші Айқын Төлепберген көтерген және шешімін тапқан әлеуметтік мәселелер
ГалереяҚоғам

Әнші Айқын Төлепберген көтерген және шешімін тапқан әлеуметтік мәселелер

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 27.07.2022
Обновлено 27.07.2022 в 11:07
Поделиться
Поделиться

Айқын Төлепберген жұртқа хит әндер ұсынып қана қоймай, халықтың мұң-мұқтажын тыңдап, әлеуметтік мәселелерді жиі көтереді.

Мазмұны
Мен шенеунік болсам…Жыр болған Гарри ПоттерБәрі ақылды30 жылдан кейінгі өзгеріс

Жақында ғана әнші өзінің Instagram парақшасында Көктөбедегі телемұнараны жарықпен безендіруге қатысты Алматы қаласының әкімдігіне сауал жолдаған болатын.

Өнер иесінің айтуынша, Көктөбе — Алматы қаласының бренді. Алматыға келген кез келген турист сол жерге барып суретке түседі. Туристердің 90 пайызын да сол жерден кездестіруге болады. Алайда кешкі уақытта Көктөбенің символына айналған телемұнараны байқау мүмкін емес. Есесіне оның айналасындағы мейрамханалар, қаланы шолып шығуға арналған аттракцион, тағы басқасы жарқырап тұр.

Көктебе деген — телемұнара. Ол қаламыздың бренді. Қаланың кез келген жерінен қарағанда телемұнара Франциядағы Эйфель мұнарасы сияқты жанып, көрініп тұру керек. Құрметті әкімдік сіздерге сұрақ, неге Көктөбенің телемұнарасына жарық аяп жатырмыз? Оның айналасында бәрі (мейрамханалар, шолу аттракционы, жүретін жолдар — ред.) жанып тұр,

деді Айқын Төлепберген Instagram парақшасында жариялаған видеода.

Мен шенеунік болсам…

Айта кетейік, бұл Айқын Төлепберген көтеріп отырған жалғыз әлеуметтік мәселе емес, орындаушы бұрыннан өз позициясын ашық білдіретін, белсенді азамат. Тіпті, шенеунік болсам таза жұмыс істер едім деген үндеуі де бар.

Әңгіменнің бәрі қалжың. Мен шенеулік болсам, бәрін таза жасар едім. Бір тиын ұрлатқызбай, бір жерді бергізбей. Қайта, қоластымдағы адамдарға ұрламайтын жағдай жасап, артық жұмыс істеген үшін ақша төлеп. Жемқорлық деген нәрседен жек көретінім жоқ. Еліміздің ең үлкен дерті сол,

деген еді бір жазбасында.

Бәлкім, әншілік мәнсабынан жалыққанда халықтың қалаулысы болып, депутаттық жолды таңдамақ ниеті бар ма екен? Қалай болғанда да, бүгінге дейін әнші Қазақстандағы жол мәселесі, қымбатшылық, карантиндік шаралардың бұзылуы, Қаңтар оқиғасы, ескі мектептер және тағы басқа көптеген қоғамды алаңдатқан сұрақтарды көтеріп, жауап іздеуге тырысып келеді.

Жыр болған Гарри Поттер

Әншінің әйгілі «Гарри Поттер: философский камень» бестселлерінің қазақша аудармасына көңілі толмаған видеосы халық арасында кең талқыланды. Айқынға әсіресе басты кейіпкерлер Гарри мен Гермионаның аттарын қазақшалап Хәрри, Хәрмиона деп аударуы ұнамады. Оның пікірінше, аудармашылар қазақшаға аударамын деп бәрін қиындатып жібереді.

Осы аудармашыларды түсінбеймін. «Шаш ал десе, бас алатын». Гарриді-Хәрри қылып, Гермионаны-Хәрмиона, Джонды-Джөн қылып не керек Онда Ингләнд, Скотләнд, Айриш, Стэйт, Фғансе, Джунго (Қытай), Холланд, Бғазил, Португэл деп бүткіл атауды өзгертіп тастайық. Сіңіп кеткен сөздерді өзгертудің қажеті жоқ деп ойлаймын. Одан соң аэропорт, витамин тағы да басқа халықаралық, аударуға келмейтін сөздерді, әуежәй мен дәрумен деудің не қажеті бар,

дейді әнші видеода.

Алайда әншінің бұл сынын көпшілік қолдамады, керісінше біз орыс тілінің ықпалынан шығып, өзіміздің қазақтың төл әріптерімен икемдеп, аударуымыз дұрыс деген пікір айтты. Жалпы әнші көтерген соң бұл мәселе телевидение, медиа-порталдарда қызу талқыланып, аударма саласына реформалар қажеттілігін айқындап берді.

Бәрі ақылды

Коронавирустық пандемия кезінде де Айқынның дауысы жарқын-жарқын шықты. Ең алдымен ол той тойлауға 2 жылға мараторий жариялағысы келген шенеуніктерге қарсы шықты. Оның ойынша, тойға көбінесе орыстілді тәрбие көргендер қарсы екенін айтты. 

Неге бұл мәселе дәл қазір көтеріліп жатыр? Басқа шешілмеген мәселелер жоқ па? Әрине қазір той тойлайтын заман емес. Бірақ бұл карантин де бітеді ертең. Сонда не болады? Байқасаңыздар, көбіне тойға тиісетін және тойды бос әуре санайтындар, орыстілді тәрбие көріп өскендер. Оларды да түсінуге болады. Олар той дегенді тек «үйлену тойы» деп қарастырады. Тойды тек, мейрамханадағы отырыс ретінде қарастырады. Қайдан білсін, тойдың «болғанынан, боладысы» қызық және тұнып тұрған салт-дәстүр мен дайындық екенін,

деп жазды әнші өзінің Instagram парақшасында.

Сондай-ақ Айқын Төлепберген шенеуніктердің азаматтардың жеке ісіне араласуға құқығы жоғын айтты.

Тойға шектеу қоюларымен тойдырды! Бәрі ақылды! Шенеуніктердің «тыйым салуды ұсынғандарға қатысты) азаматтардың жеке бюджетіне, жеке ісіне араласуға қандай құқығы бар? Тойға тыйым салуды ұсынғандар — популист! Проблеманы тапқан екен, иә, мемлекеттік бюджет арқылы жасалатын тойларға уақытша шектеу керек. Тойға тыйым салғанымен бәрі жақсы болып кетеді деп ойлайсыздар ма? Қателесесіздер. Жұрттың қалтасына бас сұқпай, басқа да проблеманы шешу керек,

дейді әнші.

Ол қандай мәселелер екенін де айқындап берді:

Біріншіден, қанша адам жұмыссыз қалатынын ойладыңыздар ма? Мейрамхана — ол тек айсбергтің ұшы. Даяшы, аспаз, техқызметкерлер, ивент-ұйымдастырушылар, әртістер, бишілер, әншілер тағы да басқа. Оның бәрінде несие бар. Кредит алып салынған қаншама мейрамхана бар. Олар не істеуі керек?,

деп сұрақ қойды Айқын Төлепберген.

Сонымен қатар, Айқын «халық той үшін несие алып, оны төлей алмай жүреді» деген сөзбен келіспейтінін жеткізді. 

Кез келген банктің мәліметтер базасын ашып қараңызшы. Көбіне адамдар несиені телефон, техника алуға, оқуы және басқа да қажет заттар үшін алады. Соңғы орында — той жасау үшін. Оның өзінде, артынан туыстары оны жауып беруге көмектеседі. Онда несиеге тыйым салайық? Несие ала алмайтындар мерейтойын есік алдында жасайды! Ал мейрамханада жасайтындар жағдайы жақсырақ адамдар. Олардың несие алмайтыны сөзсіз!

Әнші «той жасау — құры ақша шашу» деген пікірмен де келіспейтінін айтады. 

Онда ақша шашпай-ақ қойыңыз, бірақ жағдайы келетін адамдарға тыйым салудың не қажеті бар? Оған қандай құқығыңыз бар? Бұл әсіресе «көреалмаушылық — мен жасамаймын, сен де жасама» дегенге сайып келеді,

деп қорытындылады өнер иесі.

30 жылдан кейінгі өзгеріс

Әншінің араласуымен шешімін тапқан мәселелер де болды. Мысалы, 2021 жылы 10 қаңтарда №69 мектепте орналасқан сайлау учаскесіне барып, мектептің қаншалықты мүшкіл халде екенін оқырмандарына жеткізді. Оның айтуынша, ол осы мектепке барып жүрген 38 жылда мектепте ештеңе өзгермеген: сол баяғы асфальт, сол баяғы турниктер, спорт алаңы, тіпті ішіне де жөндеу жұмыстары жүргізілмеген.

Екі жылдан кейін Төлепберген сол мектепке қайта барып, мектепте күрделі жөндеу жұмыстары болғанына куә болған.

Сұрамаған балаға емшек жоқ» — деп бекер айтпаған атам қазақ. 2 жыл бұрын келіп осы мектептің спорт-алаңын жамандап кеткенмін. 30 жылда салынбаған алаңды (менің постымнан кейін де шығар) мектепке салып берді! Сол кезде маған әкімдіктен, өнер ағалары звондап постты алып тастауға сұрап еді. Мен келіспей, қалдырған болатынмын. Соның жемісін, бүгін көрдім. Алаңды соңғы спорт-жабдықтармен жасап қойған. Балалар мен ата-аналар риза

деп жазды әнші.

ТЕГи: Главное
Анара Бауыржанқызы 27.07.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?