Білім

Құны 6800 теңгеден аспауы тиіс. Сонда ұстазға не сыйлауға болады?

Ұстазға сый жасаған жақсы. Бірақ, мұғалімнің мерейін асырамын, ілтипат көрсетемін деп айыппұл төлеп жүрмеңіз. Себебі, сыйлық құны 6800 теңгеден аспауы тиіс. Сонда ұстазға не сыйлауға болады? Астана арнасы жазыпты.

Заң бойынша мұғалімдерге қомақты сыйлық бергендерге 700 мың теңге айыппұл салынады. Ал лауазымды тұлға, яғни директорға бергені дәлелденсе, бұл сумма 2 млн теңгеге дейін өседі. «Маған бағалы сыйлық» келді деп оны мемлекетке өткізетіндердің де қатары сирек. Берсе бас тартпайтынға ұқсайды.

Ләззат Егізбаева 16 жылдан бері қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ береді. Осы уақыт аралығында бірнеше шәкірт тәрбиелеп, 4 сыныпты түлетіпті. Бірақ бұл еңбегін ешқашан пұлдамаған.

Баланың айтқан алғысы, әрбір сабақта олардың көңіл-күйіне қарап, олардың ризашылығын алу мен үшін бір ерекше. «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып жатқан» оқушыларымыз да бар,

дейді мұғалім Ләззат Егізбаева.

Ләззат секілді құшақ-құшақ гүлге көңілдері толып, мерекеде марқайса жөн. Бағалы сыйлық алып, еңбегінің жемісі санайтындар бар. Бұл мәселеге келгенде ата-аналардың пікірі де әрқалай. Бірақ ұстазды ықылассыз қалдырмайтындарын жасырмайды.

  • Мұғалім оқытып жатқаны үшін айлығын алып отыр ғой, дұрыс па. Оны мысалы мұғалімге деген сыйластық ретінде жасаймыз. Әрдайым емес, бірақ арасында болады.
  • Ауру қалса да әдет қалмайды дейді ғой. Өзім не қылмағанымен естіп жатырмын шет жағасын, иә.
  • Олардың да еңбегі бар ғой қанша дегенімен. Қаншама балаға тәрбие беріп жатыр.

6800 теңгеге гүл де келмейді. Дені дұрыс гүл шоғының бағасы кемінде – 10 000 теңгеден басталады.

Ұстаздарға гүл бермеу – ұят нәрсе. Ұлағатты жандарға деген құрмет қашан да жоғары болуы керек. 

«Біз «бәрінен көңіл қымбат» деген түсінікпен өскен қазақпыз. Мәселе сыйлықтың немесе ақшаның құнында емес, көңілде болып отыр. Жасырын емес, арасында осы гүлдің сыбайлас жемқорлыққа себепші болатын кездері бар. Себебі, гүл беру арқылы ата-ана өз баласына ерекше назар аударуды талап етуі мүмкін. Мұның екі жағын қатар қарастырғанымыз дұрыс шығар?!

Көңіл қымбат болған соң ұстазға гүл мен сыйлық беруді көпшілік құптайтын көрінеді. Оның үстіне ақша сыйлық берушінің қалтасынан шығып жатыр. Оған жұрт неге бас ауыртады?

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago