Құны пәтермен бірдей: Шымкент тұрғындары 9 млн теңге тұратын дәретхананың сапасына шағымданды

Заманауи дәретхана жылыту жүйесімен, ыстық су және мүгедектерге арналған арнайы орынмен қамтамасыз етілуі керек болған.

Otyrar.kz мәліметінше, дендросаябақта құны 9 млн теңге тұратын бес дәретхана орнатылған. Оларды әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация сатып алыпты. Жұмсалған 45 миллион теңгені ұжымдық қордан алған. Алайда, құны бір бөлмелі пәтермен шамалас әжетханалардың жағдайы мәз емес. Қақпағы сынған, жылы су жоқ, қол кептіруге арналған құрал да істен шыққан және ең бастысы мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған бөлмелердің есігі жабық. Тұрғындардың сөзінше, дәретханалар өз бағасына сай емес.

Қазір жылу жоқ, ыстық су да жоқ. Мүгедек адамдарға арналған кабинаның есіктері жабық. Ішіне қалай кіреді? Көптеген адамдар әлі де ескі дәретханаларды пайдаланып жүр. Ол жақта әлдеқайда таза. Бұл 9 миллион теңге тұрмайды

дейді Шымкент қаласының тұрғыны Гүлжан Мейірбекова.

Дәретхана салуға қажетті қаржы «Шымкент – қайырымды қала» қорынан бөлінген. Ал бұл қор 2020 жылы әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы жанынан құрылған. 2 жыл ішінде мұнда демеушілік көмек ретінде 1 млрд-қа жуық қаржы түскен. Ал оның 45 миллионы 5 дәретханаға жұмсалып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан 1 ай көлемінде сыртқы талдау жұмыстары жүргізілген.

Әрине, бұл бюджеттік қаржы емес, дегенмен бұл демеуші, меценаттардың қаржысы болғандықтан қаржыны мақсатты, тиімді жұмсау қажет

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Шымкент қаласы бойынша депаратментінің бас маманы Жани Қамбар.

«Шымкент -қайырымды қала» қоры азаматтардың әлеуметтік осал топтарына көмек көрсету, бизнестік бастамаларды қолдау және бизнес-жобаларды қаржыландыру үшін құрылған. Ал тиісті бағадан 2 есе қымбатқа сатып алынған әжетхананың талапқа сай немесе сай еместігін алда тиісті уәкілетті орган тексереді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

9 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago