Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
26.09.2025
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз
ҚоғамМаңызды

Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 26.05.2023
Обновлено 31.05.2023 в 10:05
Поделиться
Фото: pixabay.com
Поделиться

Кеше Есентай өзенінің бойымен серуендеуге шықтым. Бірінше рет келгендіктен шығар, барлығы  сымбатты көрінді. Халық көп-ақ. Әл-Фараби даңғылынан бастадық. Сол әйгілі «Есентай Молл» ғимаратына қарама қарсы бағыттан бастау алады. Өзеннің жағалауы көрікті абаттандырылған. Суы ауаны мұздатып, таза леп береді. Қыста жұлынып түскен қоршау, бүгін жамалыпты. 

Жоғары қарай жүре бердік. Ұзындығы 7-8 шақырымды құрайтын жағалаудың бойынан жалғыз қоғамдық әжетхананы кездестірдім. Оның да жағдайы мәз емес. Бар жоғы екі есіктің біреуі ғана жарамды. Іші таза, дегенмен гигиеналық құралдар таусылып қалған көрінеді. Оны бақылап отырған ешкім жоқ. Сыртында «тегін» деген қағаз ілініп тұр. Сол себепті де іші бос тұрған сияқты. Өз-өзін қамти алмай отыр деген сөз.

Әдетте, кез-келген қоғамдық дәретханаға кіріп шығу үшін 50 теңге төлейсің. Қала әкімдігі ол ақшаға әжетханаға қажетті заттарды алуға жұмсаймыз деген.

Жалпы бұл әжетханалар 2021 жылдан бастап орнатыла бастаған. Сол жылы Алматы қалалық туризм басқармасы 20 қоғамдық дәретхана орнатқан.  Ол 178,5 миллион теңге. Яғни, әрқайсына 9 миллион теңге кетті. Былтыр жаңа жылдан бастап жұмыс істеуі керек болған қоғамдық орынға қаңтар оқиғасы кедергі болған. Әжетханаға жауапты мамандар былтырдан бері «жақында жұмыс істейді» деген уәдемен келеді. Ал басқа сылтаулары мынау: монета қабылдағыш істен шықты немесе жөндеу жұмыстары аяқталмады.

Жалғыз істен шықпағаны сол, мен куә болған Есентай өзенінің бойындағы дәретхана. Ал қаланың  төмен жағында немесе үйіне жақын орналасқан аллеяларға барған халық не істейді?

Түсінікті, Есентай өзенінің маңы ылғи «блатнойлар» жүретін орын ғой. Немесе туристер келсе қаланың имиджіне кір келтіреді деп дірілдейтінін де түсінеміз. Сонда бұл сырты бүтін, іші түтіннің кері емес пе?

Есентай өзенінің бойында орналасқан жалғыз дәретхана

Одан қала берді, күн батқан кезде жарық таба алмай әлек болдық. Бірен-саран жерде ғана жарық жанып, қайтар жолда тас қараңғыда қалып қойдық. Ал адамдар әлі де болса келіп-кетіп жатқан еді. Сол жердің тұрғылықты халқы жарық мәселесі былтыр да шешімін таппаған деседі. Өзеннің жарты бөлігіне ақша жетіп, қалғанына жетпегені ме? Әлде үнемдеудің әдісі ме? Қалай болғаны? Жұрт бала-шағасымен, кейбірі тіпті шақалақтарын алып демалып жүр. Телефонның жарығының барына рақмет, әйтпесе суға құлап кетуің де оп-оңай, не аяқ-қолыңды сындырып алуың да қиын емес. Түбі қайғылы оқиғаға әкелмей тұрып, әкімдіктен осы сұрақты қолға алуды сұрап, хаттама жібердік.

Басқа да мәселе бар. Қоғамдық дәретханалар қыстың күні де дұрыс жұмыс істемеді. Аяздан жарамсыз болып қалды деді, труба жарылды деді де ақталды. Қазір жаз. Оның өзінде тек 10.00 — 22.00 аралығында жұмыс істейді. Солай жазылған. Тіпті осы уақыт аралығында да есігі ашылмайды. Таңертең ерте тұрып жүгіретіндер, түнде қалада қыдырғысы келетіндер бар. Қоғамдық дәретхана дәл осы адамдар үшін емес пе? Олар қайда барады?

Терренкурде орналасқан дәретхана кешке жабық тұр

Кейін әкімдік неге ақылы екенін де түсіндірді. Бюджет есебінен салынған 20 дәретхана жеке компания басқаруына өткендіктен екен. Дәретханалар алдында монета қабылдағыш пен карталай төлемге арналған (тек кейбірінде) құрылғы қойылған. Оған қоса аппарат тек 50 теңгелік монетаны қабылдайды. Онлайн төлем жасау мүмкіндігі әзірше жоқ. Ол құрғыр тиын қабылдай алмаса, не үшін жасаған? Сынып қала берсе, адамды қойып жұмыс істету керек қой.

Халқымызды тіпті болмаса сапалы, қол жетімді, таза дәретханалармен қамти алмай отырмыз. Не деген сұмдық!  Бұл «табысы төмен, дамудан қалған ел» дегенмен тең.

БҰҰ дерегі бойынша, әлемде 4,5 миллиард адам қауіпсіз дәретханаға әлі қол жеткізе алмай жүр. Сөйтіп диарея мен антисанитариядан туындайтын өлім саны да арта береді.

Осы сұрақ бойынша қалалық әкімдікке сұрақ жолдадық. Әлі жауап жоқ. Әкімдік түсіндіріп жатса, жалғасын жазамыз. Әзірше, пікірлеріңізді күтеміз.

ТЕГи: Главное, Қазақстан
Сая Манарбековна 26.05.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
2 Комментарии
  • Қайрат:
    31.05.2023 в 12:06

    Қай жерде жұмыс істейді соны айтыңыздаршы?
    Жасы үлкен адамдар келеді, бірақ кіре алмайды, уже давно тұр олар, бірақ жұмыс істемейді ешқайсысы. Осыны шешіңіздерші!

    Ответить
  • Алибек:
    31.05.2023 в 13:38

    Алматыда ешкайда iстемейды бул туалеттер

    Ответить

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті
  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамБілімРуханият

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

26.09.2025
ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?