Categories: Білім

«О бастан абсурд шешім»: сарапшы оқу жылын ұзарту неліктен қате болғанын айтты

Мамыр айының соңы – оқушылар үшін мерекелік көңіл-күйде жүретін, демалысты асыға күтетін ерекше кезең. Алайда, биылғы жылы олай емес. Өйткені әлдекім салдарын ойламастан демалыс күндерін қысқарту арқылы оқу жылын ұзарту туралы шешімге қол қойды да жіберді.

Биыл қазақстандық оқушылар үшін оқу жылы 31 мамырда аяқталады. 1-сынып оқушылары үшін 35 оқу апта, 2-11-ші сынып оқушылары 36 апта білім алады. Элитолог Ербол Еділов министрліктің оқу жылының ұзарту туралы шешіміне қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл шешімге қоғамдық ұйымдар, депутаттар, мұғалімдердің өздері қарсы болғанын, ал ата-аналар тіпті өре түрегелген.

Бастапқыда Білім және ғылым министрлігінің шешімі (бөлінгенге дейін) өте жақсы көрінді – мұғалімдерге жүктеме аптасына 18-ден 16 сағатқа дейін қысқарды. Сонымен қатар, көптеген оқушылар сенбі күні демала бастады.

Алайда, бізде артық қылам деп тыртық қылатын жағдайлар көп. Белгілі болғандай, бұл жаңалық, басқа мәселелерді айтпағанда бюджетке 180 млрд теңгеден салмақ түсірген.

Ербол Еділов  «о бастан абсурд шешім» қабылдаған кезде министрліктегілер қандай дәйекке сүйенгенін түсінбейді.

Бүкіл Қазақстан бойынша миллиондаған ата-аналар сияқты мен де оқу жылын 31 мамырға дейін ұзарту не үшін керек болғанын түсінбеймін. Мектеп бағдарламасына сәйкес келу керек, аптасына оқу сағаттарының қысқаруына байланысты жылдың оқу күндерін көбейту қажет деген дәйектер айтылды. Бұл дәйектерді дұрыс дейін десек, мұны қарапайым факт бұзады – қазір оқушылардың дені оқулықтарын тапсырып қойған. Мектеп бағдарламасының орындалуы туралы сөз қайда қалды сонда?»

Элитолог сонымен қатар оқу жылын ұзарту төңірегіндегі тағы бір ақылға қонбайтын жағдайға назар аударды.

Бұл абсурдтың тағы бір ұшы – «соңғы қоңырау». Бұрын ол дәстүрлі түрде 25 мамырда соғылатын. Бұл тек бітіруші түлектер және бірінші сыныптар үшін ғана емес, барлық мектеп оқушылары үшін де мереке болды. Енді олар мектепке барып, онда босқа уақыт өткізуге мәжбүр. Бұл тәртіпке баулиды деп ойлайсыз ба? Олай емес-ау. Алайда, балалар, бәлкім, болашақ үшін жақсы бір сабақ алған шығар – олар бір түйір қағаз бәрінен құнды саналған жағдайда мұндай сорақылықтар  ересек өмірде де болып тұратынын білді.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

15 часов ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

4 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

5 дней ago