Categories: Саясат

Түркияда сайлау әділ өткен жоқ – ЕҚЫҰ бақылаушылары

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы атынан барған халықаралық бақылаушылар Түркияда өткен президент сайлауын толықтай әділ әрі еркін өтті деп есептемейді.

Бақылаушылардың сайлаудың екінші туры туралы есебінде саяси науқан барысында билік басындағы үміткерге жақтасу мен сайлаушыларға қысым көрсету, соның ішінде мемлекеттік БАҚ тарапынан да ықпал ету болды деп жазылған.

ЕҚЫҰ сайлаудың өзін ұйымдастыру демократия ережелеріне сай келетінін, сайлаушылар үміткерлерді еркін таңдай алғанын растады. Алайда сайлау қарсаңындағы науқан кезінде өткір сөз, бақталастың беделін түсіру секілді жайттар кездесті деп жазылған есепте. Мемлекеттік БАҚ-тардың билік басындағы үміткерге жақтасқаны, сөз еркіндігі шектелгені туралы да айтылды. ЕҚЫҰ пікірінше, осының бәрі қазіргі президент Режеп Ердоғанға басымдық беріп, оның қарсыласының жеңіске жету мүмкіндігін түсіріп жіберді.

Түркиядағы сайлау түрік лирасының бағамына кері әсер етті. Бұған дейін де құлдыраған ұлттық валюта сайлау науқаны кезінде одан сайын құнсызданды. Дүйсенбі күні таңертең Ердоған жеңіске жеткені жарияланған уақытта бір доллар 20,05 лираға дейін түскен. Morgan Stanley банкі жыл аяғына дейін лира бағамы 29 пайызға – бір доллар үшін 28 лираға дейін құлдырауы мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Bloomberg агенттігі жазды.

Арман Ерғалиев

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

10 часов ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

10 часов ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

11 часов ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

4 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago