Оңтүстік Африкада 10 жылдан бері алғаш рет қар жауды

BBC хабарлауынша, шілдеде оңтүстік жарты шарда қыс мезгілі болғанымен, өңірде 10 жылдан бері қар түспеген. Алайда Оңтүстік Африканың бірқатар провинциясында, соның ішінде Шығыс Кейпте, Мпумалангада және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағында қар жауды.

Ел билігі оңтүстікафрикалықтарға жылы киінуге кеңес береді, өйткені суық фронт елдің көп бөлігін қамтыған және кем дегенде бір апта суық болады.

Метеорологтар шаруаларға мал ұстауға қолайлы жылы қоралар табуға кеңес береді.

Сонымен қатар БҰҰ Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымының мәліметі бойынша, өткен апта әлемдегі рекордтық ең ыстық болды.

7 шілдеде әлемде орташа температура 17,24 градус болды. Бұл 2016 жылғы 16 тамызда тіркелген бұрынғы рекордтық 16,94 градустан 0,3 градусқа жоғары,

делінген ұйым хабарламасында.
Сая Манарбековна

Recent Posts

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

17 часов ago

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды

Шымкентте 48 млн теңге жымқырды деген айып тағылған №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары,…

18 часов ago

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

1 день ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

2 дня ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

2 дня ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

2 дня ago