Categories: Білім

Оқу жылы ұзақтығының мерзімі бір аптаның ішінде шешіледі — министр

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылының мерзімі осы аптада белгілі болатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Министрдің айтуынша, оқу жылы мерзіміне қатысты сарапшылардың пікірі екіге бөлінген. 

Оқу жылының мерзіміне қатысты министр ретінде шешім қабылдауым керек. Бірақ шешім алдымен балалардың мүддесіне сай болуы керек. Мен ортақ келісімге келу бойынша тапсырма бердім. Оқу мерзіміне қатысты пікір екіге жарылды. Біреулер 34 аптаны қолдаса, басқалары 36 апта болуы керек дейді. Мен өзім екі жақпен де кездестім. Бұл жерде мәселе кімдердің жеңетінінде емес. Бұл жерде алдымен балаларға білім беруде жағдай жасауымыз керек. Менің ойымша, жуырда аталған жайтқа қатысты нақты шешім қабылдаймыз. Осы аптада деп ойлаймын,

деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Министр ата-аналар талқылауға қатыса алмайтынын айтады. 

Ата-аналар да бәрін біліп отырғаны дұрыс. Дегенмен қазақта бір сөз бар ғой, “Шымшық сойса да, қасапшы сойсын”. Шешімді сарапшылар қабылдауы тиіс,

дейді министр.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago