Грантқа түскен оқушылардың жылаған видеолары хит болып жатыр екен әлеуметтік желі мен БАҚ-та. Біраз адам «қуаныштың көзжасы жақсы ғой» деп жатыр. Бірақ бұл сол оқушылардың грант нәтижесі шыққанға дейін қандай стрессте жүргенінің көрінісі.
Осы көз жастың артында қаншама отбасының әлеуметтік жағдайы жатыр.
Қазіргі оқудың бағасын халықтың 90 пайызының қалтасы көтермейді. Ол ешқандай дау туғызбайтын аксиомаға айналғалы қашан.
Жалпы, жыл сайын шарықтап жатқан оқу ақысына кім жауап береді?
Алысқа бармай ақ, қазір ҚазҰУ-дың журфагының жылдық ақысы миллионнан жоғары. Біз оқығанда ол 319 мың теңге болатын,
деп жазды қоғам белсендісі Есдәулет Қызырбекұлы.
Содан бері ол жерде бағадан басқа дүние өзгерді ме? Сол мұғалімдер, сол телерадио кешені, сол корпус (косметикалық жөндеуден өткен), тіпті сол орындық, тақта, парталар. Сонда баға не үшін өсіп жатыр? Жарық пен су қымбаттағаннан ба?
«Жастар – елдің болашағы, өзгеріс әкелетін жастар» деп ұрандатуды қойып, соларға жағдай жасау керек қой.