ОА елдерінде күзде жағдай шиеленісе түсуі мүмкін

Күзде билік 2020 жылдан бері дайындап келе жатқан барлық фокусты қайталайды.

2020 жылдың наурыз айының басында мен былай деп жазған едім: «Коронавирус бізді шектеумен аяқталады. Бізді үйге тығып, интернет арқылы ғана сөйлесуге мүмкіндік береді».

Одан кейін не болғаны естеріңізде шығар.

2022 жылдың мамыр айында мен күзге қарай бұл фокусты қайтадан қайталауға тырысады деген болжам жасадым және қазіргі жағдай бұл гипотезамның рас екенін күн сайын растап келеді.

Неліктен мен осындай тұжырымға келдім? Талқылайық.

Британдық барлау, Қазақстандағы тәртіпсіздіктер, бірполярлы миф

Бұл жағдайда бірполярлы дүниетанымнан бас тартып, шеңберден шығу бәрінен қиын болады. Мысалы, Ресейдің Украинаға жасаған шабуылын сынай отыра, «Үлкен ойын» әлі де қызу жүріп жатқанымен және бүкіл әлемде «ірі ойыншылар» арасында Орталық Азия үшін нағыз идеологиялық шайқас жүріп жатқанымен келісу.

Қаңтар айының басында британдық барлаудың Қазақстанда қаңтар төңкерісін жасау әрекетін ұйымдастыруға қатысы бар екендігі туралы мәлімдемесі бірнеше рет осы пікірмен келіспейтіндер арасындай хейтке ұшырады. Алайда, бірнеше айдан кейін көп нәрсе айқын бола бастады, қанды қаңтардағы британдық барлаушыларды жоққа шығарғысы келетіндер де азайды.

Очень «удачное совпадение», как многие потом оговаривались, случилось 4 мая, когда я опубликовал пост, в котором предположил, как будут дальше развиваться события в Казахстане:

4 мамырда мен Қазақстанды жақын болашақта не күтіп тұрғаны туралы жазба жарияладым. «Сәтті сәйкестік» пе, әлде басқа ма, оны өздеріңіз бағалай жатарсыздар…

«Қиын болса да бейтараптықты сақтауға тырысамын. Мені кремлебот деп атау қиын, мен ЕАЭО-дан шығудың жақтаушысымын, дегенмен бұл қазіргі сәтте шындыққа жанаспайтынын түсінемін. Мен Украинадағы соғысты айыптаймын, бірақ бәріне сырттан қарауға тырысамын.

Қаңтарда мен британдық барлаудың Қазақстандағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысы бар деген нұсқамды айтқанда, бәрі маған жабылып, жоққа шығаруға тырысты. Біраз уақыттан кейін сыншылар азайды. Қазір менің нұсқамды жақтаушылары пайда болды.

Оқиғалар әрі қарай қалай өрбитінін болжап көрейін, егер менікі дұрыс болмаса жыл соңында мойындаймын.

Біріншіден, мен сыртқы күштер жақсы ойластырылған шаблондар бойынша әрекет етеді деп есептеймін, яғни Қазақстанда жергілікті тұрғындар жақсы көретін, Ресей Федерациясына қарсы батыр — жергілікті «Бандераны» белсенді түрде алға жылжыта бастайды.

Қазақстанда соңғы рет бұл Кенесары хан болған. Ресейге қосылуға қарсы болған және халық арасында айқын бедел мен құрметке ие болған қазақ.

Кенесарытүрлі-түсті төңкерістердің британдық үлгілері бойынша «тербетуге» арналған тамаша фигура. Бәлкім, оның батырлығы мен іс-әрекеттерін насихаттау басталатын шығар (олардың көпшілігін қолдаймын, бірақ қайталаймын, мүмкіндігінше бейтарап болуға тырысамын).

Жақсылап ойлансақ, шартты «Червона Калинаны» кім орындайтынын есептеп алуға да болады.  

ИК басынан саясиланған. Димаш пен Иманбек толықтай Ресей нарығында жүр. Қайрат Нұртас бұрыңғыдай емес. Ал Раим мен Артур жақсы келетін еді. Аудиториясы — жастар. Ең керегі осы.

Бұл болжамдарым қисынсыз болсын деп сенгім келеді».

Қазақ тілі және бірегейлікті іздеу

10 мамырда демократиялық құндылықтарды насихаттаудан тартынбайтын Медиазона порталында «Батыл бол. Украинадағы соғыс қазақстандықтарды орыс тілінен бас тартуға және ұлттық бірегейлікті іздеуге итермелейді» деген мақала шықты.

Мақала мәтіні мен алты күн бұрын жазған болжамыма сай келеді.

Бәрі анық болу үшін бірнеше цитата келтірейін:

Қазақстандық қыз «бір де бір қазақ сөзін білмейтіндерге үгіт-насихат жүргізу үшін» кейде орысша сөйлеуге мәжбүр. Бірақ нақтылайды: «Орысша сөйлегенімде қолымды артыма жіппен байлап қойғандай әсерде боламын».

…Қазақстан билігі мемлекеттік тілді дамыту үшін біршама жұмыс атқарды, бірақ бұл жеткіліксіз. Ұзақ уақыт бойы «орыстандыру қыспағында болған» қазақшаға орыс және ағылшын тілдері мықты бәсеке болып тұр.

Мен бұл мәтінге баға беріп, немесе терең пайымдауға берілмеймін, дегенмен мұның бәрі мен бір апта бұрын болжаған оқиғалардың дамуына өте ұқсас екенін еске саламын…

Тәжікстан, Қырғызстан: мөлшерлемелер көтеріліп жатыр

Қазір менің болжамымша, Орталық Азияда жағдай күзде шиеленісе түседі деп ойлаймын. Бәлкім, бір жерлерде жаппай наразылықтарға дейін өсуі мүмкін. Бұл «аштық көтерілістері» де болуы мүмкін.

Тәжікстанда әрекеттер болды, наразылық ошақтарын уақытында басып отырды. Алайда, ҰҚШҰ саммитіндегі президенттердің түріне қарайтын болсақ, әсіресе Рахмон мен Жапаровтың, біз көп нәрсені білмейтініміз анық. Бірақ олар біледі.

Келесі үміткерлердің бірі – Қырғызстан. Мұндағы мәселе Садыр Жапаровтың түр-сипатында емес, алайда ол да көп нәрседен хабар береді. Мәселе экономика және елде болып жатқан процестерде.

Қырғызстанда азық-түлік тауарларының импорты экономикалық қауіпсіздік шегінен 25-30%-ға асып, 35-40%-ға дейін ұлғайды. Бүгінде тұтыну және азық-түлік тауарларының 70%-дан астамы және дәрілік заттардың 90%-дан астамы импортқа тиесілі,

деген еді өткен жылдың қараша айында Экономика және Коммерция министрі Данияр Амангелдиев.

Яғни, елдің азық-түлік қауіпсіздігі өте күмәнді.

Бұл ретте импорттың негізгі жеткізушілері — Ресей мен Қазақстан. Астық, ұн, май, жарма — осының бәрі күзге қарай бағада айтарлықтай өсіп қана қоймай, Қырғызстанда айтарлықтай тапшылықта болуы мүмкін.

Және, әрине, қант. Оның жетіспеушілігі күн сайын ушығып жатыр және күзде күшейе түседі.

Ақша ағымы кеуіп жатыр

Ал Орталық Азия елдері үшін айтарлықтай күшті көрсеткіш — бұл өз Отанына жіберілген ақша мөлшері. Статистика аударымдар саны қатты төмендегенін айтады. Көшбасшы — Қырғызстан.

Демек, күзде тамақ сатып алу әлдеқайда қиындайды, сондықтан наразы адамдар көп болады.

Әрине, бұл факторлардың жиынтығын Орталық Азиядағы жағдайды тұрақсыздандырғысы келетін адамдарға тиімді болады, және олар мұны пайдаланып қалуды ойлайды. Ең алдымен, өзінің жеке ақша білдегін іске қосу үшін Тұран құруды қатты қолдайтын Ұлыбритания үшін. Өйткені, әлемдегі ең жақсы ақша — өзің басып шығаратын ақша.

Кез-келген жағдайды әлсіз жерлерде ушықтыру оңай, сондықтан күзде Орталық Азия елдері бойынша наразылықтар толқынын және Қазақстандағы қаңтар спектаклінің екінші актісіне әрекетті болжауға болады.

Аса батыстық БАҚ-ты бақылайтын болсақ, аймақта ұлттық бірегейлікті арттыру және Ресейден барынша бөліну әрекеттері күшейе түсуде. Бұл Украинадағы оқиғалар желісіндегі негізгі триггерлердің бірі екенін бәрі біледі.

Бірақ бұл жерде, тағы қайталап айтамын, ең бастысы бірполярлы дүниетанымнан алшақтап, алуан пікірді түсінуге тырысу маңызды.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

11 часов ago

Қазақстанның Украинадағы елшілігі Нұрбай атаны құттықтады

Қазақстан Республикасының Украинадағы Елшілігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери атташе кеңсесі офицерлерінің қатысуымен Ұлы Отан…

4 дня ago

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 неделя ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

1 неделя ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

2 недели ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 недели ago