Тәркіленген миллиондар мен күлкіге қалған Байденнің тағдыры. 4 шілде.

Әлемдік БАҚ не туралы жазады.

Банктер қауіпті қарыздарынан құтылуда

The Wall Street Journal инвестициялық банктердің үлкен шығынға ұшырауын болжауда. Бұрын әлемдік нарық тұрақты кезінде, банктер қарызға берілген қаражаттарды белсенді сатып ала бастаған.

Қазір нарық өте жылдам дамып келе жатыр. Осыған байланысты қарызға деген сұраныс күрт төмендеді. Ірі инвестициялық банктер сатып алған несиелерінен жүздеген миллиард жоғалтуы мүмкін. Ал қарыз алған компаниялардың банкротқа ұшырау қаупі артуда.

Ұзақ және өте ауыр

Bloomberg сарапшылары  АҚШ-тағы келесі құлдырау қандай болуы мүмкін деген болжам жасады. Шешім біреу – ұзақ және өте ауыр. Америка алдыңғы құлдыраудан сабақ ала алмады, ал экономикадағы өзгерістер айқын сезіле бастағанда, ФРЖ бағаны ұстап тұруға тырысуда.

Ресейлік олигархтардың экспроприациясы

The Guardian мәлімдеуінше, Ұлыбритания ресейлік активтерге қатысты канадалық әдісті қолдануды қарастыруда. Сыртқы істер министрі Лиз Трасс Ұлыбританиядағы ресейліктердің  мүлкін тәркілеу мәселесі шешілгенін айтып, ол қаражаттың қайда жұмсалатынын нақтылау ғана қалғанын жеткізді.

Мен бұл тұжырымдаманы қолдаймын. Біз бұл сұраққа өте мұқият қараймыз. Канадалықтар заң қабылдады. Бұл Ішкі істер және Қаржы министрлігімен бірлесіп шешетін мәселе,

деді ол.

Тәркіленген қаражат өтемақы ретінде жеке тұлғаларға немесе Украина мемлекетіне берілуі мүмкін. Қазіргі уақытта Ұлыбритания экономикалық қылмыстар туралы заңға сәйкес ресейлік активтерді 56 күнге тоқтатып,  тағы соншама мерзімге ұзартуы мүмкін. Осы кезеңде активтің иесі одан ешқандай пайда ала алмайды.

Байден қалай күлкіге қалды

Fox news АҚШ президентінің жексенбілік твитіне деген  реакцияны бақылауда. Онда Байден жанармай құю бекеттеріне тегін жұмыс істеуді ұсынған.

Жанармай құю станцияларын басқаратын және оның бағасын орнататын компанияларға ұсынысым: жаһандық қауіп және соғыс уақыты кезінде жанармайды өздерің сатып алатын бағаға сатыңдар. Дәл қазір қолға алыңдар,

деп жазды Байден Твиттерде.

Оқырмандар жазбаны  бірден күлкі мен мемге айналдырды. Ал АҚШ мұнай-газ қауымдастығы Президентке осылай жауап берді:

Президент мырза, бұл бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр. Алайда бүгін 4-шілде, Тәуелсіздік күні осы твитті жариялаған Ақ үйдің жұмыскерінің экономика және бизнес негіздері бойынша  білім алуын қадағаласаңыз

Әлеуметтік шиеленіс артуда

New York Times дамыған елдердегі наразылықтың өршуіне алаңдаулы. Әлеуметтік сауалдың қорытындысына сай азық-түлік пен бензин бағасының күрт шарықтауы байқалды. Бұл дегеніміз, халықтың билікке сенімі мен ішкі саяси тұрақтылыққа қауіп төндіреді.

АҚШ Әділет департаменті соңы зорлық-зомбылыққа әкелетін наразылықтың өршуіне дайындалып жатыр. Департаменттің жоғары лауазымды тұлғалары аталмыш толқулардың алдын алу мақсатында Филадельфиядағы прокуратурамен және жергілікті полициямен кездесті.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago