Мәскеу маңындағы «Мега Химки» сауда орталығындағы гипермаркетте ірі өрт болды. Өрт таң ата шығып, бір адам мерт болды.
Өрт алғашқыда 250 шаршы метр аумақты шарпыған, кейін 7 мың, одан кейін 18 мың шаршы метрді шарпыған. Соңғы ақпарат бойынша, 7 мың шаршы метр аумақтағы өрт ауыздықталды. Жанып жатқан гипермаркетте жарылыс болып, гипермаркет толық қираған.
Өрт кезінде газ баллонының жарылуы мүмкін екені айтылуда.