Денсаулық

Қобыздың үні медицинада қолданыла бастады

Музыка терапиясы медитацияны алмастырады.

Ақмола облысының ақхалаттылары психологтың қабылдауында қобыз үнін қолдана бастады. Ұлттық аспаппен ойнаған әуендер жанға жайлылық сыйлап, күйзелістен шығуға көмектеседі дейді мамандар.

Қобыз туралы айтқанда көз алдыңа Қорқыт ата келеді. 4 мың жылдық тарихы бар бұл аспаптың қазақ үшін қадірі бөлек. Байырғы заманнан қасиетті деп саналған қобыздың үні бүгінде медициналық мақсатта қолданыла бастады, деп хабарлайды Хабар 24.

Қобыз терапиясы 18 жастан асқан ересектерге ғана қолданылады. Яғни психикалық жүйке жүйесі ауыр науқастарға қолдануға болмайды. Бірінші эндокриндік ауруларға, гинекологиялық ауруларға, инфаркт ауруларына және созылмалы ауруларға қолдануға болады. Медицицналық мекемеде қобыз терапиясынан өткендердің қазіргі жағдайы жақсы дейді мамандар.

Психологтың айтуынша, қобыздың қоңыр үні күйзелісте жүрген талай жанға шипа болды.

«Қобыз терапиясы» музыкалық терапияның бір бөлігі. Біз мұнда қазақ халқынық ұлттық колоритіне сай әйуендерді  пайдаланамыз. Психологиялық көмек аясында жүргізілетін бұл әдіс аутагендік  жаттығуларға жатады. Бізде «Қобыз терапиясы» биыл сәуір айынан бастап жекелеген жағдайларда қолданылады және нәтижесі жақсы. Алдағы уақытта емхана мамандары 60 жастан асқандарға топтық кездесулер өткізуді жоспарлап отыр. Күндізгі стационарда ата әжелерге арнап тренингтер мен ойындар ұйымдастыруды көздейді. Бұл альцгеймер ауруының алдын алу аясында жүргізілмек,

дейді дәрігер Татьяна Бишораева.
Сая Манарбековна

Recent Posts

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

1 месяц ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

3 месяца ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

7 месяцев ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

1 год ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

1 год ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

1 год ago