Олигополия басқа шықты: Екібастұздан кейінгі кезек — Астанада

Екібастұзда жүздеген халық қыстың көзі қырауда жылусыз қалды. Жылу энергоорталығында бірнеше қазандық істен шыққан. Жұрт бұған қазақстандық олигархтар — Александр Клебанов пен серіктесі Сергей Канды кінәлап жатыр. Және бекер емес. Екібастұз ЖЭО — Павлодар облысының Екібастұз қаласында орналасқан жергілікті маңызы бар электр станциясы. Өз кезегінде «Орталық Азия электр энергетикалық корпорациясына» (ОАЭК) тиесілі «Павлодарэнерго» үш өндіруші кәсіпорнының бірі болып табылады, оның құрамына Петропавл ЖЭО-2 де кіреді. Бұл нысандардың барлығы аталған байлардың жеке меншігінде.

Бірінші рет емес

Жұрт биыл Петропавлдағы қайғылы оқиғаны да есіне алды. 26 наурызда Петропавл ЖЭО-да үш мұржаның бірі опырылып, бір қызметкер оқиға орнында қаза тапқан. Қылмыстық іс қозғалған. Апат себептерінің бірі – Клебанов қызметкерлерінің жауапсыздығы.

Клебанов пен Канның объектілеріндегі жағдай өте нашар деп жаз бойы қақсадым! Бірақ, шенеуніктер мені тыңдамады, бір үміт енді мемлекет басшысында! Адамдар тоңып қалуы мүмкін. ЖЭО апатты жағдайда. Мен активтерді қалай шығаруға болатынын да сипаттадым, бірақ бұл ешкімге маңызды емес! Кеше Тоқаев бастаған заңнан үміт бар: заңсыз шығарылған активтерді қайтару тізімінде Клебанов пен Кан алғашқылардың бірі деп үміттенемін!,

деп жазды экономист Денис Кривошеев.

Сондай-ақ, Кривошеев «ОАЭК» АҚ қызметін терең зерттеп жүргенін жазды. Айтуынша, қазір ОАЭК өзіне тиесілі «Астанаэнергосбыт» ЖШС сияқты астаналық энергоактивтерден «шығуға» тырысып жатыр.

Барлық елордалық ЖЭО-дағы бас мердігер — ОАЭК-тің кәсіпорындарының ішіндегі ең «тиімді» мердігер — «ЦЕНТРКАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» АҚ екеніне таң қалуымыз керек пе? Сонымен, заңгерлердің айтуынша, аталған «ЦЕНТРКАЗЭНЕРГОМОНТАЖ» 10 жылдан астам уақыт бойы қаражатты, оның ішінде мемлекеттік бюджетті «игеріп» келгені сонша елордалық «ЖЭО-3-ті» аяқтай алмай жатыр. Оны аяқтауға бюджеттен тағы қосымша елеулі қаражат керек,

деп атап өтті ол.

Кривошеевтің есептеулері бойынша, ЖЭО-3 құрылысының бюджеті бастапқы 87 млрд теңгеден 122 млрд теңгеге дейін өскен.

Мамандардың бағалауы бойынша, қысқы жүктеме артқан шақта Астанаға шамамен 300 Гкал жылу қуаты жетіспейді. Әзірге жылумен жабдықтау процесінің инерциясына және «ең жоғары» кезеңдердің салыстырмалы қысқа ұзақтығына байланысты «маневр жасауға» болады. Бірақ қала қарқынды дамып келеді және тағы бір қысқы аязды кезеңде Астанаға жылу жететініне кім кепілдік береді?

деп жазады ол.

Олигархтар жауап берсін

Саясаттанушы Талғат Қалиев Екібастұз ЖЭО-дағы апатқа төмен тарифтер кінәлі дегенмен келіспейтінін айтты. Комиссияның жұмысынсыз, факторларды талдаусыз, жылыту маусымына дайындық кезінде жүргізілген жұмыстардың сапасын тексерусіз мұндай қорытынды жасау әлі ерте дейді ол.

Отыз жыл бойы энергетикалық шенеуніктер олигархтардың мүдделерін қорғады, олар ешқашан бірде-бір апатқа кінәлі болған емес. Митталдың апаттарында кеншілер қаза тапты, мұнайшылардың кінәсінен итбалықтары өлді, Клебановтың жағдайында қала тоңып жатыр. Бірақ олардың ешқайсысы ешқашан кінәлі болған емес,

дейді ол.

Қалиев тарифтер қалай бөлінетінін саралау қажет деп санайды.

Ертең Клебанов төмен тарифтерге қарамастан ЖЭО-ны асырап отырды десе таң қалмаймын. Оған еш пайда әкелмейтін объектіні несіне ұстап отырды? Тарифтердің құрылымын талдайтын уақыт келді деп ойлаймын. Қай үлесі қайта құру мен модернизацияға кетті, ал топ-менеджерлер қанша бонус, сыйақы алды? Қажетті жабдықтар, отын және басқа да шығын материалдары қай жерден және қаншаға сатып алынды? Арнайы құрылған фирмалардан жоғары бағамен сатып алу фактілері болды ма?

осының бәрін тексеру қажет деп санайды саясаттанушы.

Оңай құтылмасын

Айта кету керек, Екібастұз ЖЭО-дағы апаттан кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Әлихан Смайловқа еліміздің қалаларындағы проблема жиі туындайтын энергетикалық активтерді мемлекет меншігіне қайтару мәселесін қарастыруды тапсырған. Себебі аталмыш активтерді сапасыз басқару салдарынан жылу электр стансалары апатқа жиі ұшырап, тұтынушыларды электр қуатымен үздіксіз қамтамасыз ете алмай отыр.

Алайда саясаттанушы Данат Жуминнің пікірінше меншік иелері проблемалық активтерді ғана емес, сонымен қатар жекешелендіру сәтінен бастап кәсіпорындарды пайдалану арқылы алынған барлық дивидендтерді қайтаруы тиіс. Әйтпесе нысандардың проблемасын енді бюджет есебінен жаңғыртуға тура келеді.

Менің ойымша, Әлихан Асханұлы мәселені көлденеңінен қоюы керек. Дереу өз есебіңнен бәрін жаңғыртып, әрі қарай адал басқарасың немесе біз бәрін мемлекет балансына аламыз, бірақ мемлекет барлық орындалмаған міндеттемелерді өндіріп алуға барынша күш салады, тіпті кешіктірілгені үшін өсімпұл тағайындайды,

деп жазды Жумин.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

1 день ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

2 дня ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

3 дня ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

3 дня ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

3 дня ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

5 дней ago