Олимпиада жүлдегерін шенеуніктер алдап кетті

Бокстан 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қола жүлдегері Еркебұлан Шынәлиевке жұрт көзінше табысталған пәтер кейін берілмей қалған, деп хабарлайды Qaz365.kz.

2008 жылы Олимпиададан кейін салтанатты табыстау рәсімі өтті. Екі бөлмелі пәтердің кілтін берді. Телеарналарды шақырды. Сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Жыл спортшысы» атанған. Бірақ бәрі көзбояушылық болды. Тіпті, үйге дейін апарып көрсеткен. Қазір сантехникалық жұмыстар жүріп жатыр деп айтты. «Нұрсат» мөлтек ауданы сол тұста салынып жатқан. Пәтерің осында болады деді.

Екі-үш айдан кейін пәтердің орнына 1,5 миллион теңге бере салды. Ол тұста бір бөлмелі пәтердің құны 7-8 миллион теңге тұратын,

деді Еркебұлан Шынәлиев

Ащы шындықты спортшы «Уақыт көрсетеді» бағдарламасында айтып салды. Шенеуніктер тақырға отырғызып кеткен ол бірнеше жыл пәтер жалдап тұруға мәжбүр болған екен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago