Омар Жәлел өзіне қара күйе жаққандарға жауап берді

Қазақтың бас биі Омар Жәлел отбасына қатысты айтылған әңгімені жоққа шығарды. Ол қазір жанұясымен Түркияның Кайсери қаласында жүр, деп хабарлайды Эксперсс К.

Абайтанушы, белгілі ғалым Омар Жәлел екі баласын қаңғыртып, кәсіпкер келіншектің қолына кіріп алды деген ақпарат қоғамда қызу талқыланды. Бұл мәліметті бизнес-тренер Ахметбек Нұрсила әлеуметтік желіде жариялаған болатын.

Түркияда демалып жүрген би өзі және отбасы туралы айтылған әңгіменің жала екенін жеткізді. Алайда өзіне қара күйе жаққандарды сотқа бергелі отырған жоқ.

Бұл — өтірік ақпарат. Мен сол екі баламмен қазір Түркияның Кайсери қаласындамын. Біреуі үште, екіншісі екі жаста. Омар екі баласын тастап кетті деген жалған нәрсе. Салима деген келіншектің хатын тексермей жариялап жіберген. Мен ешкімді сотқа бермеймін. Алла өзі жөнге салсын. Адам ар алдында өзі жауап береді ғой. Мен онымен айқайласып жататын адам емеспін,

деді Омар Жәлел.

Белгілі қазақтың бас биі Омар Жәлел туралы әңгіменің тарағанын кеше біздің редакция толық жазған болатын. Хаттың мазмұнын да жарияладық.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago