Белгілі қазақтың бас биі Омар Жәлел тілі шықпаған екі баласын тастап, қалталы келіншектің қолына кіріп алыпты деген ақпарат әлемжеліде қызу талқыланып жатыр.
Ахметбек Нұрсила өзінің Facebook-тағы парақшасында өте қызықты пост жариялады. Онда бизнес-тренер жазбаны жіберген хаттың мазмұнымен бөлісіп, өз ойын да жеткізген. Сондай-ақ хатты автордың рұқсатымен жүктепті.
Ал хаттың мазмұнында белгілі қоғам белсендісі екі баласын тастап кеткені жайлы жазылған.
Омар тілі шыға қоймаған екі баласын әйелімен қаңғытып қойып, үй-күйі бар, бизнесі дамыған бір келіншектің қолына барып тұрып жатыр. Титтей балаларын жылатып қойып, бақытты отбасы жайлы айтып жүргенін көрсем, қалай би болып жүр деп ойлаймын. Екі баланың анасы күйзеліске түсіп, қазір эссенциялық психологиядан хабары болғандықтан екі баласын етегіне ертіп жүріп, есін жиды. Омар балаларын қаңғытып қойып, басқа халыққа бисымақ болғанына таңым бар. Өзі дайын, ыңғайлы қонысқа шауып жүріп, елге қандай бата бермекші?! Тек өсіп-өнген, бала-шағасын қаңғытпай ұйытып отырған адам ғана елдің алдында би болуға құқы бар. Ал, Омар өте қу адам. Абайдың сөздерін жаттап алып, көзімен манипуляция жасап, адамдардың миын айналдырып өз күнін көріп жүрген адам,
делінген хатта.
Ахметбек Нұрсила мұндай әңгіменің жиі айтылып жүргенін өзі жиі еститінін растады. Оның бұл әрекетін қоғам түрлі пікірмен қабылдапты.
Омар жайлы «біреуін емес бірнеше әйелді зар қақсатып балаларымен тастап кеткен» деген әңгімені бірнеше жерден естіп едім. Шынымен елге берекелі отбасын қалай құру керек екені жайлы ақыл айтып жүргін Бас Бидің өзінің отбасы қалай екен? Кім біледі?
деген үлкен сұрақ тастады кәсіпкер.
Біраз адамдар «Омар Жәлел қазаққа керек тұлға, жаңылмайтын жақ болмайды, тисе бермеңіз» деп жазып жатыр. Хаттың мазмұны қаншалықты шындыққа жанасатынын біз де білмейміз. Ал Омар Жәлелдің өзі бұған қатысты жауап бермеді.