Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Саясат > Қор болған Қазақстан азаматтығы
Саясат

Қор болған Қазақстан азаматтығы

Сая Манарбековна
Сая Манарбековна 10.07.2023
Обновлено 10.07.2023 в 10:07
Поделиться
Фото: ult.kz
Поделиться

Конькимен жүгіруден Ресей чемпионы Кристина Силаева жуырда Ресейлік «Матч ТВ» арнасына сұхбат беріп, Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан құрамасына өткенінің себебін түсіндірді, деп жазды Мезгіл тынысы.

Мен қазір Қазақстанда дайындалып жатырмын. Шешімді көктемде қабылдадым. Келесі Халықаралық жарыстарға қатысуға Ресейге қашан рұқсат берілетіні белгісіз. Бүйтіп жүре берсем, күнімді босқа өткіземін. Спортшының уақыты қысқа.

Ол Ресей азаматтығынан бас тартып, Қазақстан азаматтығын алуға ниетті екенін, кейін Ресей азаматтығын қайта алатынын айтыпты.

Мен Ресей азаматтығынан бас тартуға тура келетінін білдім. Кішкене уайымдадым. Бірақ, мені байлап ұстап отырған ештеңе жоқ. Тәуекелге бел байлауға болады. Онан соң, Ресей азаматтығын қайта алу аса бір қиын шаруа емес.

Ата-анам бұл шешімге дұрыс қарады. Қазіргі саяси жағдай өте қиын. 2014 жылдан бері қысқы ойындарда Ресей туы көтерілмейді. Қазір «арнайы әскери операция» өтіп жатыр (Ресей Украинадағы соғысты солай атайды). Онан соң тағы бірдеңе шығады…

дейді Силаева.

Қазақстан құрамасында жаттығып жүрген, Қазақстан азаматтығынан дәмелі Ресейлік конькиші жалғыз Силаева емес. Силаевамен бірге конькимен жүгіруден әлем чемпионатының жүлдегері Елизавета Голубева да бар. Олардан бұрын Қазақстанға Сергей Клевченя дейтін Барнауылдың тумасы, Ресей Ұлттық құрамасының конькиден жаттықтырушысы да өткен.

Осы жағдайдан келесі мәселенің ұшы шыққаны байқалады:

Әуелі, әлемнің өркениетті елдерінің һәм Халықаралық қауымдастықтың Ресей империализміне қатқан қарсы жауабы, санкциясы мен Халықаралық мәдени, спорттық іс-шаралардан оқшаулауынан кейін Ресей құрамасын тастап, бөтен мемлекетке қашуы – жоғарыда аталған спортшылардың кім екендіктерін әйдіктейді.

Олар жеке бас пайдасын ойлап, өз мемлекеттерін тастап кеткен адамдар. Оларға Халықаралық спорттық додаларда Қазақстанның намысын қорғауды қалай сеніп тапсыруға болады? Бұны ойлаудың өзі абсурд!

Екіншіден, олардың Қазақстан азаматтығын алуға, Қазақстан құрамасына қосылуға деген сұранысы – Қазақстанды ынта-шынтасымен сүйіп тұрғандықтан емес, Ресейдің әлі ұзақ уақыт оқшауда болатындығы себебінен ғана туып отыр. Қарапайым тілмен айтқанда, оларды Қазақстарға жетелеп келген – қарақан бастарының қамы, құлқын мен қалтаның жайы.

Үшіншіден, Силаеваның: «Ресей азаматтығын қайтарып алу қиын шаруа емес», — деп сөйлеуі – ертең Ресей Халықаралық додаларға қатысу мүмкіндігін алған күні бүгін шекара аттап келген шүрегейлердің бір сәт те Қазақстанда тұрақтап қалмайтынының айқын дәлелі. Олар сол сәтте-ақ, Қазақстанның көк паспортын күресінге тастап кете барады. Қор болған Қазақстан азаматтығы дегенді сонда айтамыз.

Төртіншіден, бұл келген Силаевалар Ресейдің басқыншылық соғысын «арнайы әскери операция» деп танитынын ашық білдірді. Яғни, олар Кремльдің импершіл режимін қолдаушылар. Мұндай адамдарды Қазақстанға ашық кіргізу, кіргізіп қоймай, оларға азаматтық беру – түптеп келгенде Қазақстан Тәуелсіздігіне қауіп төндіреді.

Осыларды ескере келе, Асхат Оралов басқаратын ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Медер Маселов басқаратын коньки спорты түрлері федерациясы аталған азаматтарды Қазақстан атынан Халықаралық жарыстарға қатыстыруға шектеу қоюы керек! Қазақстанның құзырлы органдары аталған азаматтарға Қазақстан азаматтығын бермеуі керек!

Кристина Силаева. Фото: mezgil.kz
Сая Манарбековна 10.07.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Саясат

Қазақстан Киев шақырған саммитке қатысу мәселесін әлі қарастырып жатыр

05.06.2024
МаңыздыСаясат

Утильсбор деген қазақтың соры…

31.05.2024
Әлеуметтік желіге шолуСаясатСпорт

Турлов деген бәле болды…

30.05.2024
Саясат

Мирзияевке тіл тигізбе, сотталасың!

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?