Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Қоғам > Оралда оқушы қызды мүгедек қылған жүргізуші жазадан құтылып кетті
Қоғам

Оралда оқушы қызды мүгедек қылған жүргізуші жазадан құтылып кетті

Сайт Әкімшілігі
Сайт Әкімшілігі 06.02.2024
Обновлено 06.02.2024 в 12:02
Поделиться
Фото: astanatv.kz
Поделиться

Сот оның бұрын істі болмағанын ескеріп, шартты жаза кескен, деп хабарлайды astanatv.kz.

Марихуана шегіп алып, 15 жастағы оқушы қызды көлігімен қағып, мүгедек қылған оралдық жүргізуші сот залынан бостандыққа шықты. Сот оның бұрын істі болмағанын ескеріп, шартты жаза кескен. Ал мектебінің мақтанышы болған қызының аяқ астынан мүгедекке айналған анасы енді кімнен көмек сұрарын білмей отыр.

Сабағын жақсы оқитын Қарақат білім байқауларынан жүлдесіз қайтпайтын. Арманы да көп еді. Енді қабырғаға әдемілеп жазған арманына қол созу түгілі, ауыз ашып, сөйлеуге де шамасы келер емес. Ал өрімдей қызымды өлімші қылған жүргізуші кешірім сұраудың орнына өзімізді кінәлі қылып шығарды, дейді анасы.

Дина МУСИНА, ҚАРАҚАТТЫҢ АНАСЫ:

Сізге жазбай-ақ қоюға болады. Өйткені прокуратура қарап жатыр деді. Сонда да мен арыз жазам деп барсам, олар Бочковтың сөзімен қарап жатыр: Қарақат пешеходтан 20 метр алыстан атып шықты өзі деп. Қарақатқа жауып жатыр. Сосын куәгерлерді өзім тауып, птицефабриканың халқына жаздым, көп-көп рақмет, бәрі мен көрдім, мен көрдім деп шықты. Негізі сол кезде оқиға болған кезде де бәрі куәгер болды. Олардың сөздері қайда кетті, білмеймін.

Сот кезінде жүргізушінің марихуана шеккені анықталды. Бірақ оның жұмыста үлгілі екенін әрі бұрын істі болмағанын ескеріп, 1,5 жылға шартты жаза кесілді, дейді судья.

Мереке ШҮКІРОВ, ҚАЛАЛЫҚ СОТ СУДЬЯСЫ:

Марихуана шегіп алып, наркотикалық жағдаймен автокөлік басқарса, оған әкімшілік құқықбұзушылық болады, ол қылмыс болмайды. Наркотикалық мас күйде болған деп айыпталатын істер бойынша олар ауырлататын мән-жәйлар болып саналмайды заңнамаға сәйкес ішіне кіріп тұрғасын. Ал басқа қылмыстар жасап, біреуді ұрып-соғып, басқа да болады ғой. Онда жасалады. Ол істің қылмыстық құрамының белгілері болып танылмайды.

Сот үкімімен көлік иесіне 5 миллион теңге моральдық шығынды бір айдың ішінде төлеу міндеттелге. Бірақ мұның өзі Қарақаттың еміне жетпейді дейді анасы.

Жанат НҰРМАҒАМБЕТОВА, БҚО БАЛА ҚҰҚЫҚТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:

Бірінші сұрақ Қарақатты аяғынан тұрғызу. Енді ертең сіздер Астана кетіп барасыздар. Қандай доктор бар, телефондарын беріп жатырмыз, соның бәрінің телефонын алып, ештемеден қорықпай бара беріңіздер. Біздің жақтан адвокат іздейміз. Көмек береміз қандай болса да.

Дәрігерлердің айтуынша, реабилитацияның өзіне кемі 5-6 жыл керек. Ем-дом бұдан да ұзаққа созылады. Қазір оралдықтар 22-ақпанда Астанаға аттанатын Қарақатқа жылу жинап жатыр.

ТЕГи: Қазақстан, Орал
Сайт Әкімшілігі 06.02.2024
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
Спорт

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

18.11.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?