Кейбір бекеттерде сұйытылған газ тек талон бойынша беріліп жатыр.
14 қарашада Оралдағы жанар-жағармай құю бекетінде кезек пайда болды. Жанармайды тек шағын станциялардан табуға болады. Алайда ол үшін ұзын-сонар кезекте тұруға тура келеді.
2 қарашадағы жағдай бойынша газ толтыру станцияларындағы қалдықтар 180 тоннаны құрайды. Бекітілген жоспар шеңберінде облыстың ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын жеткізу 3438 тоннаны құрайды. Алайда, 26 қазанда «АМӨЗ» ЖШС Энергетика министрлігін қараша айында газ өндірісін төмендету жоспарланып отырғаны туралы хабардар еткен. Осыған байланысты түпкілікті сатып алушылар үшін жеткізу жоспары шеңберіндегі көлем 35%-ға біркелкі төмендейтін болады,
деп түсіндірді БҚО энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Миржан Нұртазиев.
Белгілі болғандай, 7-14 қараша аралығында «ANPZ» ЖШС-нде технологиялық қондырғыларды ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Ал БҚО энергетика және ТКШ басқармасы АМӨЗ 18 қарашада толық іске қосылады деп уәде беріп отыр.