Қайғылы оқиға 4 қазан күні таңертең Зачаган кентіндегі №10 жалпы орта білім беретін мектебінде болды.
2007 жылғы ұл бала сағат 07.45-те мектепке келген. Сынып оқушыларымен бірге сабаққа дейін дәлізге шығып, сөйлескен. Сосын 08.00-де сынып бөлмесіне кірген. Балалардың барлығы орындарына отырып, сабаққа дайындалып жатқан кезде ол отырған жерінде құлаған. Сол мезетте жедел жәрдем шақырылғанымен, жасөспірімді құтқарып қалу мүмкін болмады,
деп хабарлады білім беру бөлімінің баспасөз қызметі.