Оралда төбелес шығарған Ресей азаматтары елден шығарылады

Сот Оралда төбелеске қатысқан шетелдіктерді республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

30 қыркүйек күні сағат 00.00 шамасында БҚО ПД Жедел басқару орталығының инспекторлары сыртқы бейнебақылау камераларының мониторингі кезінде Оралдың түнгі клубтарының бірінің жанында ер адамдардың төбелесін байқаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері мас күйінде бір-бірімен төбелескен Ресей азаматтарын ұстады.

Бұл факт бойынша материал жиналып, куәгерлерден жауап алынды. Жанжалға қатысушылар Абай полиция бөліміне жеткізілді.

Қолданыстағы заңнама бойынша, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 440-бабы (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу), 437-бабы (Тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды,

делінген хабарламада.

Оралдың мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысы арқылы ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабында көзделген ұсақ бұзақылық жасағаны үшін 1992 және 1995 жылдары туған РФ азаматтарына 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза тағайындалды.

Фото: Polisia.kz
Фото: Polisia.kz

Ал кейін Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты «Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» ҚР Заңының 28-бабының негізінде ҚР заңнамасын бұзғаны үшін оқиғаның барлық қатысушысын республика аумағынан шығару туралы шешім қабылдады.

Таңшолпан Төлеген

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago