Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Оралдағы кәсіпкердің жантүршігерлік өлімі: басты күдікті марқұмды не үшін өлтіргенін түсіндірді
Оқиға

Оралдағы кәсіпкердің жантүршігерлік өлімі: басты күдікті марқұмды не үшін өлтіргенін түсіндірді

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.03.2023
Обновлено 13.03.2023 в 07:03
Поделиться
Поделиться

Оралда Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта кәсіпкер Еркін Мұханғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, — деп хабарлайды «МОЙ Город» басылымы. 

Айта кетейік, былтыр тамызда Оралда жантүршігерлік адам өлімі болған еді. Оқиға «Рахат-Лукум» және «Гюльчатай» мейрамханасының иесіне қатысты. Күдіктілер Руслан Қожатаев пен Тұрлан Амангелді кәсіпкерді бірнеше жерінен пышақтап кеткен.  

10 наурызда сот басты айыпталушы Руслан Қожантаевтан жауап алды. Ең алдымен, айыпталушы марқұмның туыстарына көңіл айтып, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Айыпталушы Руслан Қожантаевтың сөзінше, ол Еркін Мұханғалиевпен 2019 жылы кәуәп пісіруші болып жұмысқа орналасқан кезде танысқан. Бастапқыда олар жақсы араласқан екен, мейрамхана иесі Қожантаевты жұмысын жақсы істегені үшін мақтап та жүрген. 

Кейіннен ол қызметкерлеріне басқаша қарап, ренжітіп, қорлап, мазақ етіп жүргенін байқай бастадым. Тіпті бір рет ескерту жасадым, бірақ ол араласпауымды сұрап, басшы ретінде өзін қалай ұстау керегін білетінін айтты. Даяшы қыздар жылап та қалатын, себебі Мұханғалиев оларға «сиыр», «топас» деп айтатын. Ыдыс жуғандары үшін ақысының жартысын алып қалатын. Бірде даяшы қыз 5 мың теңге аванс беруін сұраған кезде ол ақшаны кілемшенің астына қойып, «Менің қолымды сүй, мен — сұлтанмын» деді. Түсінесіз бе, егер ол жақсы адам болса артынан жақсы сөздер айтылар еді. Одан бөлек, ол қыздарға интим әрекеттер ұсынып, тіпті бір қызды таңғы беске дейін ұстап қалған. Ол жұмыстан шығып кетті, жалақысын сұраған да жоқ. Мен түрлі жерде 10 жылдай жұмыс істеп, қызметкерлерге деген мұндай қарым-қатынасты бірінші рет көруім. Мұханғалиев басшы екенін пайдаланып, қызметкерлерді мазақ ететін,

дейді күдікті Руслан Қожантаев. 

Күдіктінің сөзінше, оның жалақысы өзге қызметкерлерге қарағанда көбірек болған. Алайда мейрамхана иесі Қожантаев жұмысқа кешіккен жағдайда оның да жалақысын ұстап отырған екен. 

Мен өз ісімнің маманы едім. Кәуәптарыма деген сұраныс жақсы болатын. Егер олай болмаса мені жұмыста қалдырып, ақша төлемес еді. Мұханғалиев те, әйелі де кедей сияқты жүретін, үнемі несие, салық төлеу керегін айтып жүретін. Сосын мен жұмыстан шығып, жеткізу қызметі бойынша жұмыс істеп, жеке мейрамхана ашқым келген, ол үшін арнайы орын керек болды. Мұханғалиев маған оның кәуәп пісіретін мамандарын басқаруды ұсынды. Менің міндетім етті дайындап, процесті бақылап, кәуәп пісіруді үйрету болды. Ол кезде басқа жерде жұмыс істеп, кешке келіп тұратынмын. Мұханғалиевтің ұсынысын қабылдауды жөн көрдім,

дейді айыпталушы. 

Руслан Қожантаевтың сөзінше, қайғылы оқиға болған күні ол Мұханғалиевті өлтіруді жоспарламаған. Ал екінші күдікті Тұрлан Амангелді сол күні кездейсоқ болған. Қожантаев Амангелдіні кәсіпкердің мейрамханасына жұмысқа орналастырғысы келген. Мұханғалиев «Рахат-Лукум» мейрамханасына 19.00 шамасында келген. 

Егер расында, өлтіргім келген болса камералар тұрған адам көп жерде емес, ешкімге байқатпай, күндіз емес, түнде істер едім. Қыздың арын таптау — мен үшін ең сорақы нәрсе. Ешкімді ренжітпей өмірімді сүріп жүргенмін. Сол жағдайға жеткізді, түрлі сөздер айтты, сөйтіп қолыма пышақ алдым. Бастапқыда Мұханғалиев жұмысқа алудан бас тартты. Тұрлан қасымда тек тыңдап отырды. Мен кетер кезде: «Еркін, сен еркек емессің бе. Сен қалай өмір сүресің? Мен Ислам заңы бойынша өмір сүремін, ешқашан заң бұзған емеспін. Ал сен ше? Саған қыздарға қорлық көрсетуге кім рұқсат берді?», — дедім. Ол күліп: «Не айтып отырсың? Кімнің алдында тұрғаныңды білесің бе өзің? Өз орныңды біліп жүр. Маған талап қоятын адам әлі туған жоқ. Егер үйіңнің күлі көкке ұшқанын қаламасаң кет», — деп айтты,

дейді күдікті Қожантаев. 

Осыдан кейін күдікті не болғаны есінде жоғын айтады. Тіпті қолына қалай пышақ алғанын, көшеде ондаған адамның көзінше кәсіпкерді қалай пышақтап тастағанын білмейтінін айтқан. 

Менің отбасым арқылы қоқан-лоқы көрсетті. Мен ер адам ретінде жақындарымды қорғауым керек. Өз-өзімді ұстай алмадым, Тұрлан мені тоқтатуға тырысты. Бірінші рет пышақ сұғып алғаным есімде, Мұханғалиев терезе арқылы қашып кетті, мен артынан жүгірдім. Ол көшеде шалынып, құлап түсті. Ары қарай есімде жоқ. Тұрлан маған пышақ бермей қойды. Мен өзім пышағымды іздей бастадым. Ол Мұханғалиевтің арқасына сұғылып қалған екен. Тұрланның барсеткасынан пышақты жұлып алып тағы 2-3 рет пышақ сұғып алдым,

дейді айыпталушы. 

Қожантаевтың сөзінше, ол Тұрлан Амангелдімен қылмыс туралы алдын ала келіспеген. Ол жерде бәрі кездейсоқ болған екен. Жәбірленушілердің адвокатының сөзінше, күдікті қылмыс жасағаннан кейін пышақ пен телефонының көзін құртқан. Сонымен қатар, айыпталушы Амангелді екеуі алдын ала пышақ сатып алған деген ақпаратты жоққа шығарды.   

Анара Бауыржанқызы 13.03.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

Оқиға

Колонияға дронмен сәлемдеме тастады

21.06.2024
ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ҚоғамОқиға

Тәжікстанда екі отбасының бірнеше мүшесін бір түнде өлтіріп кетті

04.06.2024
Оқиға

Семей маңында жоғалып кеткен әйелдің денесі табылды

03.06.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?