Оралдық кәсіпкерді тапа-тал түсте айуандықпен өлтіруге не себеп болғаны хабарланды

Желіде кәсіпкерді айуандықпен өлтірген сәттің видеосы тарады. Кейін ауыр қылмыс жасаған күдіктілердің кім екені анықталған еді.

әлеуметтік желіден алынған

Қайғылы оқиға 6 тамызда сағат 20.00 шамасында болған. Белгілі бизнесмен Еркін Мұсанғалиев дәмханада екі жігітпен сөйлесіп отырғанын кадрлардан байқауға болады. Кенеттен жанжал басталып, жігіттердің бірі кәсіпкердің мойын тұсына пышақ сұққан. Артынша тағы бірнеше рет ұрады. Кәсіпкер жараланса да терезеден секіріп, қашуға тырысыпты. Алайда күдіктілер оны қуып жетіп, ақыры өлтіріп тынған. Кәсіпкер жедел жәрдем келгенше көз жұмды, деп хабарлайды Мой город порталы.

Алдын ала мәлімет бойынша, қалалық саябақ пен П.Атоян атындағы стадионның автотұрағында көптеген пышақ жарақаты бар 49 жастағы ер адамның мәйіті табылған. Анықталғандай, ол қаладағы белгілі кәсіпкер, бірнеше дәмхана мен мейрамхананың иесі болған.

Бұл дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабына («Адам өлтіру») сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Ауыр қылмыс жасады деген күдіктінің аты-жөні анықталды. Қылмыстың куәгерлерін анықтау шаралары, күдіктіні ұстау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр

деді Абай полиция бөлімінің бастығы Самат Аисов.

Бақылау камералары арқылы полицейлер екі күдіктінің кім екенін бірден анықтады. Ауыр қылмыс жасады деген күдікпен 1991 жылы туған Қожантаев Руслан Фархатұлы, 2001 жылы туған Амангелді Тұрлан Сырлыбайұлына іздеу жарияланды. Олар кісі өлтіргеннен кейін оқиға орнынан қашып кеткен.

mgorod.kz

Руслан Қожантаев сақалын қырып тастауы мүмкін. Полиция оның нұсқасын да жіберді.

әлеуметтік желіден алынған

Полицияның мәліметінше, күдіктілерді іздестіру мен ұстауға жеке құрам мен қосымша күш жұмылдырылды. ҚР Ұлттық ұланының 5517 әскери бөлімінің (ішкі әскерлері) әскери қызметкерлері де тартылды.

Бүкіл облыс бойынша олар болуы мүмкін барлық жерді: жертөлелерді, шатырларды, бұрыш-бұрыштарды тінтіп, қаланың шыға берісінде барлық көліктерді тексеріп жатырмыз

деді полиция департаментінің өкілі Болатбек Белгібеков.

Қылмыскерлерді іздеу жұмыстары бірнеше күннен бері жалғасып жатыр.

Uralskweek басылымының хабарлауынша, жәбірленуші мен күдіктілер арасында жұмысқа байланысты келіспеушіліктер болыпты. Кәсіпкер жұмысшыларға уақытылы жалақы төлемей, көбіне қарыз болып қалған. Ал қылмыс жасады деген күдіктілер оған жұмыс істеген екен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

4 месяца ago

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…

10 месяцев ago

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…

10 месяцев ago

Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді

23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…

10 месяцев ago

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…

1 год ago

Алматы қаласында 2600 ден астам сотталған азамат есепке алынған

Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…

1 год ago