Әйелдің көшеде қорап ішінде тастап кеткен сәбиінен басқа тағы екі баласы бар болып шықты.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында 29 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Жауап алу барысында оның екі кәмелетке толмаған баласы бар екені анықталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды,
деді Ерболат Сарқұлов, Ақтөбе облысы ПД ЖСКБ басшысы.
Еске салайық, 19 желтоқсанда сағат 22:05-те полицияға Ақтөбедегі Ғазиза Жұбанова көшесіндегі көпқабатты үйдің жанынан қағаз қораптан баланың мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен. Полиция дереу баланың анасын іздеуге кіріскен болатын.