Фото: ашық дереккөзден
Қазақ халқының генетикалық ерекшеліктерін зерттеп, төл тарихымызды тың дүниелермен байытқан ақылман ақсақал, көшелі ғалым, 92 жасқа келген академик Оразақ Смағұлұлының «Қазақ елі мен жерінің иесі тек қазақтар» екендігін ғылыми негіздемесе сүйене отырып дәлелдеген сөзі ақпараттық кеңістікте тарап жатыр.
Ақылман ақсақал осы уақытқа дейін қазақ топырағындағы өзге ұлт өкілдеріне қатысты үнделіп, үгіттеліп келген жалаң түсінікке біржолата тоқтау қояды. Халқын дұрыс, орнықты ғылыми негіздемеге иландырады.
Қазақстанда 130 -140 тай ұлт тұрып жатыр дейді. Бізде ұлт тұрып жатқан жоқ, ұлт өкілдері тұрып жатыр. Оларды диаспора дейді. Сондықтан «ұлтаралық» деген сөзді айта алмаймыз. Қазақстанда бір-ақ ұлт бар. Ол – қазақтар. Мысалы орыстар әрі Ресейде жүріп ұлт болады, Өзбекстанда, Қазақстанда, Иранда жүріп тағы ұлт болады. Ондай ғылыми-тарихи анықтама категория жоқ. Халық бір-ақ жерде пайда болады, өсіп-өнеді. Ал таралғандардың барлығы диаспора. Мәселен, Қажы-Тарханда [Астраханьда], Қытайда, Өзбекстанда тұрып жатқан қазақтарды олар диаспора дейді ғой. Сондықтан тарихи дәуірде қалып қойған орыстар, дүнгендер, ұйғырлар, күрттер ешқайсысы ұлт болып саналмайды. Осыны сіздер жақсы түсіне біліңіздер,
дейді ғалым.
Кейіннен қоғамда дұрыс түсінік қалыптастырмай, қазақ пен өзге диаспоралардың арасына сына қағып отырған негізсіз, жалған «ұлтаралық қатынасты» ашып жазады. Сөзінің түйінінде:
Бізде ұлтаралық емес, бір ұлт пен диаспоралардың арасындағы саяси-мәдени қатынастар бар
деп аяқтады.
Оқырмандар академиктің айғақтарымен келісе кетті:
Қазақ жерінде тек Қазақ бар, қалғандары қонақтар бүгін бар ертең жоқ,
Талай айтылған сөз. «Елбасизмнен» толық арылмай, бұл сөздің де қайталана беретініне көзім жетті!
Оразақ Смағұлұлы ағамыз өте орынды айтқан! Қазақстанда тек қана бір ұлт — қазақтар, ал қалғандары диаспора мен этностар!
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…