Түрлі шетелдік БАҚ әлемдегі жағдай аясында Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің саяси және экономикалық қадамдарын егжей-тегжейлі баяндайды.
2060 жылға қарай Орталық Азия ауыз судан зардап шегеді
Nature Climate Change басылымының сайтында зерттеу материалы орналастырылды, оған сәйкес 2060 жылға қарай Орталық Азияның басым бөлігі ауыз судан айырылуы мүмкін. Бұл климаттық саясаттың әлсіздігіне байланысты болады және аймақтың бірнеше елі үшін ауыз су қорының қайтымсыз сарқылуына әкелуі мүмкін.
Нақтырақ айтқанда Тибет үстірті – «Азияның су мұнарасына» қауіп төніп тұр, оған Солтүстік Үндістан мен Пәкістанда (судың толық жоғалуы) шамамен екі миллиард адам, сондай-ақ Ауғанстан мен посткеңестік Орталық Азия (толық құрғау) тәуелді.
Зерттеу нәтижелері бойынша пресс-релиз жарияланды, онда Пенсильвания Университетінің атмосфералық құбылыстарды зерттеу саласындағы ғылыми қызметкері және ғылыми есептің тең авторы Майкл Манн былай дейді:
Болжам көңіл көншітпей отыр… «әдеттегідей» сценарий бойынша қала берсе, яғни егер адамзат қазба отынын тұтынуды едәуір төмендетпесе, ол Тибет үстіртінің құлдырауынан зардап шегеді, әсіресе ағыннан төмен орналасқан елдер… Болжалды масштабты көріп, өзім таңғалып отырмын
Манн «Тибет үстіртіне қауіп төндіретін жылынуды және онымен байланысты климаттың өзгеруін азайтудың» бір әдісі — 7 тамызда АҚШ-та қабылданған Байден әкімшілігінің Inflation Reduction Act (шығарындыларды азайту актісі ретінде аударуға болады) деп үміттенеді. Соған қарамастан, Манн дамудың ең қолайлы сценарийінде де су сөзсіз жоғалып кете ме деп қорқады және бүгінде планетаның осал және тығыз қоныстанған аймағында судың жетіспеуіне бейімделу мәселесі өткір тұр.
Қытай мен Батыс Қазақстан мұнайын жоғалтқысы келмейді
Finance yahoo Ресей қазақ мұнайының экспорттық ағынын жабуға оқталуы Бейжіңге ұнамайтынын жазады. Кремль Қазақстаннан қорықпайды, бірақ оған Қазақстанда елеулі мүдделері бар Қытай қажет. Қазақ мұнайы Қытайға физикалық түрде тиелмейтініне қарамастан, ол бұл мұнай әлемдік нарыққа жетуіне мүдделі.
Қазақстандық мұнай тиеусіз қалса оның бағасы өседі, тұтыну тауарларына жаһандық сұраныс әлсірейді және Қытай экспорты айтарлықтай зардап шегеді. Қытай экономикасы қазірдің өзінде өсу қарқынын қысқартты – ішінара энергия бағасының жоғары болуына байланысты. Сондықтан Бейжіңге әрбір қазақ молекуласының экспорты қажет.
Ресей КҚК жұмысын тоқтатқаннан кейін үш күн өткен соң, Қытай Ресей экономикасына үлкен инвестицияны тоқтатты. Сол күні Bloomberg Қытай үкіметі мен компаниялары Ресейге қарсы санкциялар режиміне бәрінен бұрын сәйкес келуге тырысты деп жазды. Сонымен қатар, Қытай СІМ өз компанияларына елді екінші санкцияларға ұшыратуы ықтимал тауарларды сатып алудан бас тартуды ескертті.
Қытай ұлттық мұнай корпорациясы «Орталық Азия – Қытай газ құбыры» газ құбыры жобасының даму тарихын баяндайтын презентация жариялады, бірақ қандай да бір себептермен ол 2019 жылы ашылған құны 55 миллиард АҚШ доллары болатын «Сібірдің күші» (Ресей Федерациясынан Қытайға газ құбыры) жобасы туралы бір сөз айтқан жоқ.
Әлемдік экономика инфляциямен және өсу қарқынының баяулауымен күресіп жатқан кезде, Пекин жеткізілім тізбегінің үзілуіне жол бермейді. КҚК-нің тоқтауы президент Си үшін жағымсыз алаңдаушылық тудырады, өйткені қазір ол Қытай Коммунистік партиясының алдағы съезіне дайындалуда.
Орыс-украин қақтығысында Қытай Батыс жағында емес. Бірақ Тайваньның айналасындағы дауды ескере отырып, Батыс пен Қытай Ресейдің Қазақстан мұнайының экспортына кедергі келтірмеуіне қызығушылық танытады.
Еуропа Қазақстан мұнайын ала ма?
«Баку-Тбилиси-Джейхан» (БТД) құбыры мұнай экспортының балама жолдарын іздеуге Қазақстанның ресми жарияланған бағамына сәйкес келеді, деп хабарлайды TRT World. Бірақ БТД-ның айналасындағы жағдай Ресейді ашуландырады, ол балама нұсқаларды пайдаланбауы үшін Қазақстанға қысым жасайды. КҚК-ны тоқтата тұру Мәскеу үшін «өз аяғына оқ атқанмен» тең болды, өйткені олардан кейін Қазақстан экспорттың басқа бағыттарын пайдалану үшін одан да белсенді жұмыс істей бастады.
Батыс елдері Ресейге, дәлірек айтқанда оның мұнай мен газ экспортына қысым көрсетіп жатқанда, Мәскеу Қазақстанның арқасында өзінің энергетикалық дипломатиясының құлдырауына жол бере алмайды,
дейді саясаттанушы және Еуразия бойынша сарапшы Эсреф Яликиличли.
Қазақстанның БТД-ны пайдалануы Ресей тарапынан қысым тудыруы мүмкін. 2018 жылы Каспий маңы елдері аумақтық суларды бөлу туралы тарихи келісімге қол қойды, бірақ теңіз құқығы мәселелерін шешкен жоқ, бұл Қазақстанның БТД-ны пайдалануына теріс әсер етуі мүмкін. Қазақ мұнайы танкерлермен Каспий арқылы Әзірбайжанға өтеді, онда ол БТД-ға айдалады.