Орталық Азия жаңа мүмкіндіктерді іздеуде. 10 тамыз

Түрлі БАҚ қазіргі жағдайды ескере отырып, Қазақстан мен Орталық Азия мемлекеттерінің саяси және экономикалық қадамдарын егжей-тегжейлі баяндайды.

Ресей үшін дұшпандық Қазақстан проблемаға айналады

5 тамызда The Wall Street Journal вебсайтында Шелби Холлидэй журналының шолушысы «Соғыстың ұзаққа созылуы аясында Қазақстанның Ресейге қатысты алаңдаушылығы артып келеді» атты бес минуттық бейнеролигі жарияланды.

Негізінде, аталған бейнематериалда қазақстандық және Қазақстанды қызықтыратын Батыс аудиториясының бөлігі үшін жаңа ештеңе жоқ — теңізге шыға алмайтын континенттік ел, ресейлік құбырларға тәуелділік, Ресеймен шекараның ұзындығы, Қазақстан президентінің Санкт-Петербургтегі экономикалық форумда айтқан атышулы сөзі, КҚК жабылуы, Қазақстанның баламалы көлік дәліздерін іздеуі және Қазақстанның халықаралық белсенділігінің артуы.

Сұхбатқа осы басылымның қызметкері Эван Гершкович шақырылды, ол да жаңа ештеңе айтпады, бірақ бірнеше рет Қазақстанда Ресей үкіметінің болжамсыз әрекеттерінің өсіп жатқанына алаңдаушылық барын айтты. Және Ресей кез келген әрекетімен өңірде кім басшы екенін көрсетіп қалуға тырысатынын жеткізді.

Ресей мен Украина әскери қақтығысы бастала салысымен Қазақстанға АҚШ-тың көптеген әскери шенеуніктері мен дипломаттары келді. Қазақстан Қытаймен және НАТО-ның мүшесі Түркиямен қорғаныс ынтымақтастығы саласындағы келісімдерге қол жеткізді.

Қазақстан мен бүкіл Орталық Азияның жоғарыда аталған қадамдары геосаяси бағыттың өзгерісін емес, қауіптену салдарынан жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге деген ұмтылысты көрсетеді.

Роликтің соңындағы Холлидэй ханымның сөзі де назар аударуға тұрарлық.

Ресей үшін дұшпандық Қазақстан Украинадан гөрі күрделі проблемаға айналады, себебі оларды ұзын шекаралық аймақ біріктіріп тұр,

деді ол.

Өзбекстанның Талибанмен жақындасуының салдары қандай

The Diplomat Өзбекстанның Ауғанстанды интеграциялауға, оның ішінде өз аумағында ауған тақырыбына арналған үлкен халықаралық конференцияны ұйымдастыруға бағытталған күш-жігері елдің Ауғанстанды әлемдік күн тәртібінің ең басында ұстауға тырысып жатқандығын көрсетеді деп жазады. Бар күш-жігерін салып жатқанына қарамастан, Ташкент әлі де халықаралық қоғамдастыққа Талибан (ұйым ҚР-да тыйым салынған) тарапынан айтарлықтай жеңілдіктер ала алмады.

«Әл-Каида» террористік тобының жетекшісі Айман аз-Завахиридің Кабулда, Талибанға тиесілі үйде өлтірілуі оларға деген сенімділікті арттырмады…

Ташкент Ауғанстан мен әлем арасында делдал болуға тырысады. Бірақ Ташкенттің өзі осындай көпір қызметін ұсыну үшін өзінің халықаралық беделін құрбан етуге қаншалықты дайын екені белгісіз.

Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

1 день ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

1 день ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

1 день ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

1 день ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

1 день ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago