Орталық сайлау комиссиясы 2022 жылғы 20 қарашада өткетін президент сайлауына үміткер ретінде қазіргі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты тіркеді.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 12-бабы 8) тармақшасына, 59-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы қаулы етеді:
1. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелсін.
2. Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевқа Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат куәлігі берілсін.
3. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының бюджетті жоспарлау және атқару бөлімі «Қазақстан Халық жинақ банкі» акционерлік қоғамына арнаулы уақытша шот ашу үшін Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы мәліметтерді ұсынсын.
4. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы аппаратының талдау және коммуникациялар бөлімі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркелгені туралы қоса беріліп отырған хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.