Орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына түусден үміт еткен үш кандидатты тіркемеді. Олардың әрқайсы кандидат болу талабына сай болмай шықты.
Комиссия Талғат Ерғалиевті, Харулла Ғабжалиловті, Фатима Бизақованы президент болуға үміткерлер қатарына қоспайтын болды. Олар «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституция заңындағы кандидатқа қойылатын талаптарға сай емес.
Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиевтің мемлекеттік қызметті істеп жүргеніне, бар болғаны, 3,5 жыл болыпты. Ал сайлау талабы бойынша кемі 5 жыл болуға тиіс.
Қандастар қауымдастығы ұсынған Хайрулла Ғабжалилов Қазақстан азаматы емес және мемлекеттік қызметте істемеген. Бұл да талапқа сай келмейді.
«Практикалық психология» ҮЕҰ кандидаты Фатима Бизақова да мемлекеттік қызметте істемеген болып шықты.
Айта кетейік, Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді. Президент болуға үміткерлер тізімі мына жерде.