Фото: dalanews.kz
Қостанай облысында биылғы Наурыз мерекесінде қайратты қазақ жігіттері қошқар көтеріп күш сынаспауы мүмкін. Жергілікті жануарларды қорғау ұйымының белсенділері тірі қошқарды көтеріп, күш сынасу қошқарды қорлау деп үкім айтып, шу шығарыпты. Ал жергілікті билік болса, бұл ұсынысты құп алып, қазақ жігіттеріне қошқар емес, қап көтеріп күш сынасуды ұсынған.
Қазақ халқы ғасырлар бойы той-думанда қошқарды мойын салып көтеріп күш сынасқанын бәріміз білеміз. Ойын шарты бойынша кімде кім қошқарды көп көтерсе, сол жануарды өзімен бірге алып кеткен.
Бұл қошқарды қорлау емес, қайта жануарды төбеге көтеріп, құрметтеу емес пе?
Қазақтың қанына сіңген қызықты ойынын «жануарды қорлау» деп пәтуа шығарған ұйымның айтқанына көнген қостанайлық шенділер барша қазақтың ашуына тигенін өздері де сезбеген секілді.
Қазақтың дәстүрлі ойындарына өзгеріс енгізетіндей Қостанайдың жануарларды қорғаушылары кім? Бүгін қошқар көтеруге тыйым салса, ертең олар “Наурызды тойлмаңдар” деп шу шығару мүмкін ғой.
Қостанай қаласында Наурыз мерекесін тойлау кезінде қошқардың орнына қап көтеріп күш сынасуды ұсынып отырмыз. Алдағы уақытта мерекеде мұндай жарыс ұйымдастырылса, жігіттер қапқа құм салып, соны көтеріп жарысатын болады,
депті Қостанай қаласы Ішкі саясат бөлімінің басшысы Қайрат Казез.
Қап көтеріп жарысу ешкімге қызық емес қой. Қызық болса шенеуніктерге қызық шығар?
Бір қаланың Ішкі мәселесіне жауапты шендінің бойында қазақылық болса, «бұларың болмайды, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ойынға өзгеріс енгізе алмаймыз» әңгіме айтуына болады ғой.
Бірақ Казез мырза ондай бір ауыз сөз айтпаған.
Қазір қандай бір дау туса, бас изеп көне салатын өзіндік пікірі жоқ шенділер қаптап кеткені жасырын емес.
Айтапқшы, Қостанай қаласының ішкі саясат бөліміне қазақтың салт-дәстүріне өзгеріс енгізетін құқықты кім берген?
Кезінде Жамбыл облысында әкімнің орынбасары болып қызмет атқарған Қостанай облысының қазіргі әкімі Құмар Ақсақалов сол кезде қазақылықты бойына неге сіңірмеген?
2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша Қызылорда облыстық «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен…
Бүгін Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жетістікке жеткен жастардың табысты өкілдерін ілгерілету мақсатында жүзеге…
23 қараша сағат 15:00-де Түркістан төрінде ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирінің ақтық сайысы өтеді.…
Алматының Атакентінде қыркүйектің 4-6 аралығында Kazbuild 2024 көрмесі өтіп жатыр. Бұл жолы Қытайдың ең ірі…
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Е. Саденовтың тапсырмасымен пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің өзара іс-қимылының…