Қостанай облысына 1 тәулікте 1000-нан астам ресейлік келді

Ресейде ішінара мобилизация басталған соң, Қазақстанға ресейліктер жаппай ағылып жатыр. Мысалы, Қостанай облысына 1 тәулікте 1000-нан астам Ресей азаматы келді. Өңірлік полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, ресейліктердің келуімен аймақта көші-қон көлемі екі есе артқан.

Өткен тәулікте Қостанай облысына 1 мыңнан астам Ресей азаматы келді. Көші-қон ағыны екі есе артты. Осыған байланысты көші-қон қызметі басқармасы шетел азаматтарының облыс аумағында болу тәртібін еске салады. Шетелдік азамат ҚР Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен сәттен бастап қабылдаушы тарап 3 жұмыс күні ішінде шетелдіктің нақты болған жері бойынша ішкі істер органдарын хабардар етеді. Бұл рәсімді «e.Qonaq» ақпараттық жүйесі немесе «визалық және көші-қон порталы» арқылы жүзеге асыруға болады,

деді құзырлы органның баспасөз қызметі.

Бұл ретте, шетелден келген азаматтар Қазақстанда қанша күн жүре алатынын ескеруі керек. мәселен, Қазақстан аумағына келген Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Әзербайжан және Тәжікстан азаматтары 90 күнге дейін емін-еркін жүре алады. Ал шекті мерзімнен артық жүретін болса, олап тұрғылықты жері бойынша Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметіне жүгініп, уақытша тұруға рұқсат рәсімдеуге міндетті.

Ішкі істер министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Қазақстанға 4,3 млнға жуық шетелдік келсе, 4,1 млн кеткен, оның ішінде 1 660 000 Ресей Федерациясының азаматтары келген және 1 640 000 кеткен.

Олардың уақытша болуы есепте. Әрқайсысының төлқұжат деректері мен кіру күндері, олар туралы толық ақпарат бар. Көші-қон процестеріне мониторинг жүргізілуде. Ішкі істер органдары келушілердің белгіленген болу ережелерінің сақталуын бақылауда. Шетелдiктiң елде болу мерзiмi аяқталса, оған қатысты заңда көзделген шаралар қолданылады.

Бақылау барысында көші-қон заңнамасын бұзған 45 700 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның 4200-і мәжбүрлі түрде Қазақстаннан шығарылды. Оның ішінде көші-қон заңнамасын бұзған 3200 ресейлік жауапқа тартылған. Бұл елге келген Ресей Федерация азаматтарының тек нөл бүтін оннан екі пайызын құрайды. Бұл статистика олардың Қазақстанда болу шарттарын сақтау тәртібін көрсетеді. Егер заңды бұзған жағдайда Қазақстаннан мәжбүрлеп шығару 5 жыл мерзімге елімізге қайта кіруге тыйым салу түріндегі қосымша санкцияны қарастырады.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

1 час ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

2 часа ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

2 часа ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

2 дня ago

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

3 дня ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

6 дней ago