Categories: Саясат

Қылмыс елдердің экономикасына залал келтіреді – Бас Прокурор

Бүгін Қазақстанның елордасында Шанхай ынтымақтастық ұйымына (бұдан әрі – ШЫҰ) мүше мемлекеттер бас прокурорларының 20-шы мерейтойлық отырысы өтті.

Жиынға Қырғыз Республикасының, Ресейдің, Тәжікстан мен Өзбекстанның бас прокурорлары, сондай-ақ онлайн форматта Қытайдың Жоғарғы халықтық прокуратурасының Бас прокуроры, Үндістанның Бас Солиситоры және Пәкістанның Қосымша Бас прокуроры қатысты.

Қазақстанның Бас Прокуроры Берік Асылов отырысты аша отырып, ШЫҚ-ның аймақтағы трансұлттық қылмысқа қарсы күреске бағытталған шараларды талқылау жөніндегі беделді сараптамалық алаңға айналғанын айтты.

Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Ғизат Нұрдәулетов Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі.

Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Чжан Мин өз сөзінде адам құқықтарын қорғау және қазіргі заманғы сын-қатерлерге ден қою мақсатында қадағалау органдарының арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығына тоқталды.

Кездесудің негізгі тақырыбы – қылмыстық жолмен алынған активтерді қайтару шаралары бойынша тәжірибе алмасу, озық практикаларды және проблемаларды талқылау болды.

Отырыста трансұлттық экономикалық қылмыс қауіпсіздікке қол сұғып қана қоймай, сонымен қатар қаржы жүйелерінің тұрақтылығына, ашықтығына және тиімділігіне нұқсан келтіретін жаһандық қауіпке айналғаны айтылды.

Халықаралық сарапшылардың деректерінше, ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басқа елдермен сауда айналымындағы жыл сайынғы айырмашылық шамамен 675 миллиард АҚШ долларын құрайды. Бұл ақша ағындарының бір бөлігінің қылмыстық мақсаттарға, оның ішінде терроризм мен экстремизмді қаржыландыруға бағытталуы жоққа шығарылмайды.

Осы тұрғыда Қазақстанның Бас Прокуроры қылмыстық капиталды елге қайтару туралы өзінің тәжірибесімен бөлісті.

Мысалы, ол әріптестерін Қазақстан Президентінің Жарлығымен құрылған, өзі басқаратын Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қызметі туралы хабардар етті.

Берік Асыловтың айтуынша, қылмыс жыл сайын біздің елдердің экономикасына орны толмас залал келтіріп жатыр.Тек тығыз өзара іс-қимыл мен бірлескен жұмыс мұндай сын-қатерлерге еңсерілмейтін тосқауыл жасай алады.

Шри Тушар Мехта Үндістанда трансұлттық экономикалық қылмыстарға қарсы күрес бойынша қабылданған шаралар туралы айтты.

Қытайдың Бас прокуроры Чжан Цзюнь отырысқа  қатысушыларды қылмыстық жолмен алынған және шетелге шығарылған активтерді өндіріп алу мәселелері бойынша ҚХР-да қолданылатын тетіктер мен құралдар туралы ақпараттандырды.

Сондай-ақ осы саладағы ресейлік тәжірибе туралы Бас прокурор Игорь Краснов айтып берді.

Тәжікстанның Бас прокуроры Юсуф Рахмон қылмыстық жолмен алынған және шетелге аударылатын ақшалай қаражат пен басқа да құндылықтарды заңсыз шығарудың жолын кесу бойынша шаралар туралы баяндама жасады.

Қырғыз Республикасының Бас прокуроры Құрманқұл Зулушев пен Өзбекстан Республикасының Бас прокуроры Нигматилла Юлдашев шетелге заңсыз шығарылған активтерді іздестіру және қайтару жөніндегі ведомствоаралық комиссиялардың жұмысы туралы айтып берді.

Талқылау шеңберінде делегаттар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің құқық қорғау органдарының әріптестігін арттыру және трансұлттық экономикалық қылмыстарға қарсы іс-қимыл бойынша тиімді жұмыс жасау үшін коммуникацияны жақсартудағы күш-жігерді біріктіру қажеттігі туралы ортақ пікір білдірді.

Іс-шараның қорытындысы бойынша бас прокуратуралардың басшылары жымқырылған активтерді қайтару бойынша одан әрі өзара іс-қимыл және озық тәжірибе алмасу жөнінде басым міндеттерді айқындайтын отырыстың хаттамасына қол қойды.

Хаттамаға қол қойылғаннан кейін Берік Асылов халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері бойынша шетелдік әріптестерімен екіжақты кездесулер өткізді.

Шапағат СЕРДӘЛІ

Recent Posts

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

2 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

2 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

2 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

2 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

3 дня ago

Түркістанда 90 млн теңге қарызы бар қазақ жүр

Ол аздай, оны полиция ұстап алды. Көшелерді патрульдеу кезінде Түркістан қаласының патрульдік полиция қызметкерлері “Қорғау”…

3 дня ago