Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Басты жаңалықтар > Қостанай облысына қандай көмек беріліп жатыр?
Басты жаңалықтарҚоғам

Қостанай облысына қандай көмек беріліп жатыр?

Таңшолпан Төлеген
Таңшолпан Төлеген 05.09.2022
Обновлено 05.09.2022 в 12:09
Поделиться
Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі
Поделиться

Қостанай облысына елдің әр өңірі гуманитарлық көмек жинау пункттерін жасақтап, облысқа азық-түлік, медицина құралдары мен дәрі-дәрмек, киім-кешек жібере бастады. Оған қоса, кейбір банк өрттен зардап шеккендердің несиесін кешіріп жатыр.

Мазмұны
Облысқа Алматыдан 4 жүк көлігі аттандыKaspi мен Halyk Bank өрттен зардап шеккендердің несиесін кешіредіИнтернет-сайт редакциялары мен радиостанциялар 1 апталық жалақысын аударадыСенат депутаттары бір күндік жалақысын жібередіKostanay Music Fest ұйымдастырушылары 50 млн теңге аударады

Облысқа Алматыдан 4 жүк көлігі аттанды

Алматы әкімдігі Ахмет Байтұрсынов көшесі, 22 к1 мекенжайы бойынша DEPO EVOLUTIONS PARK-та гуманитарлық көмек жинап жатыр. Онда көбіне азық-түлік, ұзақ мерзімді сақтау өнімдері, дәрі-дәрмек, гигиена құралдары, киім және төсек-орын жабдықтары жиналады. Алматылықтар, жалпы, 120 тонна гуманитарлық көмек жинады.

Қаражат пен қажет азық-түлік, киім-кешек пен құрылыс материалдарын жинауға кәсіпкерлер, аудандық әкімдіктер қосылды. Бүгін Қостанай облысына гуманитарлық көмекпен төрт жүк көлігі аттанады. Біз негізгі азық-түлік — су, қант, май, жарма, печенье, кептірілген жемістер және т.б., сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған киім, мектептің керек-жарағы, аяқкиімдер жинадық,

деді әкімдіктің жастар саясаты басқармасы басшысы Қайыржан Меңдіғалиев.

4 қыркүйекте Алматыдан Қостанай облысына 2 жүк көлігі жіберілген еді.

Сонымен қатар, алматылық еріктілер қалпына келтіру жұмыстарына қатысады. Қостанай облысында жүк жинау үшін арнайы қоймалар ұйымдастырады және халыққа көмек тарату жұмыстарын жүргізеді.

Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы өртке және халықты елді мекендерден эвакуациялауға байланысты Қазақстан халқы ассамблеясы көмек көрсету акциясын ұйымдастыратынын хабарлады.

4 қыркүйекте Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларындағы Достық үйлері мен облыстардағы волонтерлар орталығында қаражат пен қажет заттарды жинау үшін жедел штабтар құрылатыны белгілі болды.

Қоғам қайраткері және Мәжіліс депутаты Константин Авершин Magnum желісі де Қостанай облысына 2 жүк көлігін жібергенін хабарлады.

Бұл — компаниямен өткізіп жатқан 14-ші акциямыз. ТЖ кезінде бірге көп жұмыс істегенбіз. Бұл жолы қажет гуманитарлық заттар салынған екі жүк көлігін жібердік. Оның ішінде, санитария-гигиена заттары, жылы көрпелер, орамал, азық-түлік бар. Бұзылмайтын заттар,  

деді Константин Авершин.

Kaspi мен Halyk Bank өрттен зардап шеккендердің несиесін кешіреді

Константин Авершин Kaspi банкі өрттен зардап шеккендердің несиесін кешіретін мәлімдеді.

3 қыркүйектен Маржан Елшібаевамен (Kaspi.kz корпоративтік коммуникациялар департаментінің басшысы) байланыстамыз. Ол несие кешірілетінін айтты. Компания бұл туралы жариялағысы келмеді, бірақ олардың қолдауын айтып өткен жөн деп ойлаймын. Мендегі ақпарат бойынша, Kaspi.kz тағы да көмек көрсетеді, енді тек жергілікті биліктен жауап күтіп отыр,.  

деді депутат.

Ал Halyk Bank үйі өртеніп кеткен отбасыларға бір миллион теңге береді. Банктің баспасөз қызметі бұл көмекті үйінен айырылған азаматтар тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ пен тауар сатып алу сияқты ең қажет заттарға жұмсай алады.

Оған қоса, банк басшылығы үйі жанып кеткен адамдардың Halyk Bank-тегі несиелерін есептен шығару туралы шешім қабылдады.

Интернет-сайт редакциялары мен радиостанциялар 1 апталық жалақысын аударады

Қазақстанның бірнеше интернет-сайтының ұжымы өз табысының бір бөлігін Қостанай облысындағы өрт кезінде зардап шеккендерге және баспанасынан айырылғандарға көмек ретінде беруді ұйғарды.

Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz, Alashainasy.kz сияқты интернет-сайт редакциялары, сондай-ақ, «Жұлдыз» және «Ретро» радиостанциялары бір апталық табыс сомасын Қостанай облысының тұрғындарын қолдау үшін құрылған арнайы қорға жібереді.

Бұл туралы Tengrinews.kz порталы хабарлады.

Сенат депутаттары бір күндік жалақысын жібереді

Парламент Сенаты төрағасы Мәулен Әшімбаев облыста өрттн зардап шеккендерге бір күндік жалақысын аударатынын мәлімдеді.

Апатпен күрес жұмыстарына Парламент Сенаты да өз үлесін қосады. Қостанай облысынан сайланған сенаторлар жедел штабтың жұмысына атсалысып жатыр. Сондай-ақ, Сенат депутаттары зардап шеккендерге көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударады,

деп Мәулен Әшімбаев Facebook-парақшасына жазды.

Ол өрттен қайтыс болған азаматтың жақындары мен туған-туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтты. Оған қоса, зардап шеккендердің сауығып кетуіін және жағдайдың тезірек тұрақталуын тіледі.

Kostanay Music Fest ұйымдастырушылары 50 млн теңге аударады

Қостанайда өрт басталған кезде Kostanay Music Fest музыкалық фестивалі өтіп жатты. Ұйымдастырушылар концертке дайындалып жатқанда өрт шыққан білмегенін айтты.

Концерт 100% жеке қаражат есебінен ұйымдастырылды. Біз он шақты аса танымал шығармашылық топ пен орындаушыны әкелдік. Артистердің өнерін көруге Қостанайға Қазақстанның басқа қаласынан мыңдаған жас келді. Облыстың бір ауданында ірі өрт басталғаны туралы хабар стадион алдында билет сатып алған барлық көрермен жиналған кезде ғана жетті. Концерттен бас тарта алмадық, өйткені әртүрлі аймақтан келіп, билет алған адамдарға олай етуге болмайды,

деп фестиваль ұйымдастырушыларының бірі Алмас Жәли Instagram-парақшасына жазды.

Ол концерттен түскен барлық сома табиғат апатынан зардап шеккендерге аударылатынын айтты.

Қостанай облысы өртке оранып, адамдар үйінен айырылып жатқан дәл осы сәтте біз табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектесу үшін концерттен түскен барлық қаражатты – 50 миллион теңгені аударуға міндеттіміз,

деді ұйымдастырушы.

Бұған дейін Қостанай облысындағы өрттің қазіргі жағдайы туралы жазған едік.

Таңшолпан Төлеген 05.09.2022
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ҚоғамМаңызды

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

22.05.2025
Қоғам

«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы

29.11.2024
МаңыздыҚоғамРуханият

Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті

26.11.2024
МаңыздыҚоғам

Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

04.09.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?