Русская редакция
Уведомление
Соңғы жаңалықтар
«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
22.05.2025
«Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
29.11.2024
Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
26.11.2024
Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
18.11.2024
Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр
04.09.2024
Aa
Поиск

Категории

  • Cалық
  • Атақ және ақша
  • Әдебиет
  • Әлеуметтік желіге шолу
  • Басты жаңалықтар
  • Білім
  • Видео
  • Галерея
  • Ғылым
  • Денсаулық
  • Дін
  • Жемқорлық
  • Инсайдер
  • Қоғам
  • Маңызды
  • Оқиға
  • Руханият
  • Саясат
  • Спорт
  • Тарих
  • Теңге бағамы
  • Шетел басылымына шолу
  • Шолу
  • Экономика
Рус
Aa
  • Теңге бағамы
  • Галерея
  • Ғылым
  • Инсайдер
Поиск
  • Галерея
  • Басты жаңалықтар
  • Денсаулық
  • Инсайдер
  • Ғылым
  • Шетел басылымына шолу
  • Бiлiм
  • Қоғам
  • Саясат
  • Спорт
  • Басты жаңалықтар
  • Экономика
Подписывайтесь на нас
Globalnews > Рубрики > Оқиға > Жемқорлық > Қостанай облысында әкімдік ғимаратты 1,5 миллионға сатып, 110 миллион теңгеге қайта сатып алған
Жемқорлық

Қостанай облысында әкімдік ғимаратты 1,5 миллионға сатып, 110 миллион теңгеге қайта сатып алған

Анара Бауыржанқызы
Анара Бауыржанқызы 13.10.2023
Обновлено 13.10.2023 в 02:10
Поделиться
Поделиться

Күні кеше Арқалық қаласында әкімдікке тиесілі болғанымен қараусыз қалған ғимаратқа қатысты шу шықты. Аталған нысанды әкімдік 2017 жылы 1,5 миллионға сатып жіберіп, биылғы жылы қайтадан 110 миллионға сатып алған. Ғимарат қалпына келтірілмеген, тіпті жағдайы жылдар өткен сайын нашарлай берген, деп хабарлайды Stan.kz.  

Аталған оқиғаға қатысты Арқалық қаласы әкімінің аппарат басшысы Бауыржан Бралин жауап берді. Оның айтуынша, 2000 жылдардың басында халық қаладан көше бастаған кезде көптеген ғимараттар қараусыз, қаңырап бос қалып, оны күтіп ұстауға қаланың бюджетінің шамасы келмеген. 

«Ғимаратқа қатысты тұрғындардан ассоциативті элементтер жиналып, балалар ойнап, жалпы нысанға қауіп төніп тұр деген шағымдар келіп түсті. Әкімдік қалпына келтірілетін ғимараттарды жекенің қолына сату туралы шешім қабылдады. Осылайша, тұрғын емес үй-жайларды ұзақ уақыт бойы ешкім пайдаланбаған және ешкімнің атына тіркелмеген. 2008 жылдың 25 қаңтарынан бастап иесіз нысан ретінде тіркелген. Арқалық қалалық сотының 2009 жылғы 19 маусымдағы шешімімен Арқалық қаласында Абай даңғылы, 37 мекенжайында орналасқан ғимарат коммуналдық меншік құқығы деп танылды. Сот шешімі шағымданбады және 2009 жылдың 4 шілдесінде заңды күшіне енді. «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ғимарат аукционға шығарылды. 2017 жылғы 10 қазанда бағаны төмендету әдісімен үшінші электрондық аукционның қорытындысы бойынша жеңімпаз анықталды. Осылайша «AUHAL» ЖШС (Алматы қ.) компаниясымен 2017 жылғы 12 қазанда 1 миллион 456 168 теңгеге сатып алу-сату шарты жасалды (объектінің болжалды құны 92 811 000 теңге). Бұл ғимаратты 2019 жылы жеке кәсіпкер С. Әбдіқадырұлы «AUHAL» ЖШС-нен 5,5 млн теңгеге сатып алса, 2020 жылы Шымкент қаласының кәсіпкерлері 100,0 млн теңгеге (С.Әбдіқадырұлының айтуы бойынша) ғимаратты сатып алуды ұсынған», – деді әкімнің аппарат басшысы. 

Бауыржан Бралиннің айтуынша, алдағы уақытта сатып алынған ғимаратты институттың оқу ғимаратына қайта жаңғырту үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленбек. 

“Елімізде профессорлық-оқытушылық құрамға деген сұраныстың жылдан жылға төмендемейтінін ескере отырып, алдағы 5 жылда институт алдына мынадай ауқымды міндеттер қойып, студенттердің санын 5000 адамға дейін ұлғайту (2 есеге жуық) жоспарлануда. Осылайша, студенттер санының ұлғаюы резидент емес студенттер үшін оқу кеңістігін және тұрғын үй кеңістігін көбейтуге әкеледі. Сонымен қатар, институттың бас корпусының ғимараты бұрынғы әкімшілік ғимараты, оқу мекемесіне тән емес институттың орнына жаңа ғимарат салу міндеті алға қойылды. Алайда институт ғимаратының жанында институт салуға жер телімі жоқ. Институттан 500 метр жерде бұрынғы ауыл шаруашылығы бөлімінің әкімшілік ғимараты бар, оны жоғары оқу орнының оқу ғимараты етіп қайта құруға болады. Ғимарат 6 қабатты, 1 кіреберіс, ауданы 6 698,5 ш.м. Ғимарат 1960 жылы салынған, С.Әбдіқадірұлына тиесілі. Ғимарат иесі оны 180,0 млн теңгеге сатуды ойластырып жүрген. Меншік иесімен азаматтық ұстанымды көрсету және ғимаратты қолайлы бағаға сату туралы барлық келіссөздер оң нәтижеге бермеді. Бұл жоба аумақтарды дамытудың кешенді жоспарына инвестициялық жоба ретінде енгізілгендіктен, нысан бір көзден 110,0 миллион теңгеге сатып алынды. Өйткені екі рет жарияланған ашық тендер қатысушылардың болмауына байланысты өтпей қалды», – деді Бралин. 

Оның айтуынша, қазіргі таңда жер учаскесі уақытша пайдалануда болғандықтан, учаскені тұрақты жер пайдалану құқығына беру туралы шешім қабылданып, Қаулы дайындалды. Оны Қостанай қаласының құрылыс бөлімінің балансына беру үшін жер актісін дайындау жұмыстары жүргізілуде. 

Анара Бауыржанқызы 13.10.2023
Поделиться этой статьей
Facebook Twitter Whatsapp Whatsapp Telegram
Оставить комментарий

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Недавние посты

  • «Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда
  • «Fenomen Jas» — табысқа жеткен жастарды насихаттау жобасы
  • Астанада «Fenomen Jas» жобасы аясында «Mümkındıkter Alañy» форумы өтті
  • Түркістанда ел тарихындағы алғашқы миллионыншы футбол турнирі өтеді
  • Алматыда Чжэцзян провинциясы өндірушілерінің құрылыс көрмесі өтіп жатыр

Недавние комментарии

  1. Назира к Мәншүк Мәметова мұздығы қандай қауіп төндіріп тұр
  2. Ералы к Әскерге шақыру-2023: президент жарлығы
  3. ФАРИДА к Мұғалімдердің жанайқайы: Аттестаттау сынақ па, сүріндіру ме?
  4. Даурен к «Тілімді қышытпаңдар». Төреғали Төреәлінің қарындасы ағасына шаң жуытпай отыр
  5. Алибек к Алматылықтарды дені дұрыс дәретханалармен қамти алмай отырмыз

Вам также может понравиться

ОқиғаЖемқорлықСпорт

Алматы Спорт басқармасында ақша жымқырылғаны ашылды

06.06.2024
ОқиғаЖемқорлық

«Жетісу» футбол клубының директоры екі айға қамалды

03.06.2024
ЖемқорлықОқиға

ҚТЖ Әскерилендірілген теміржол күзетінің басшылары сотталды

31.05.2024
ОқиғаЖемқорлық

Прокурорлар бюджет ұрлығының алдын алды

30.05.2024

Жоба жайлы

Әлемдік оқиғалар палитрасында Қазақстанның ең маңызды жаңалықтарын Global News-тан біліңіз

Бізге жазылыңыз

Жаңа мақалаларымыз туралы бірден ақпарат алып отыру үшін жазылыңыз

Email

© GlobalNews 2022. Барлық құқығы қорғалған.

Removed from reading list

Отменить
Welcome Back!

Sign in to your account

Забыли пароль?