Categories: Денсаулық

Қостанай облысындағы ауруханалар науқастарға арналған дәрі-дәрмекті несиеге алады

Қостанай облысындағы ауруханалар науқастарға дәрі-дәрмек пен азық-түлікті несиеге алады. 24.kz арнасы хабарлағандай, 43 мемлекеттік медициналық ұйымның 16-сының қаржылық жағдайы қиын. Аруханалар кредиторлық берешекке байланысты қарызға батқан. Барлығы 3 миллиард 200 миллион теңгені құрайды. Негізінен бұл дәрі-дәрмек пен медициналық мақсаттағы бұйымдарды жеткізушілерге төленбеген шоттар.

Мамандардың айтуынша, медицина қызметкерлерінің жалақысының жыл сайын көтерілуі ақша тапшылығына әсер еткен. Қазір медициналық ұйымдарда қызмет көрсетуге бөлінген ақшаның 60-тан 98 пайызына дейін еңбекақы төлеу қорына тиесілі.

Біз төлейтін медициналық көмек көрсету тарифтері жалақыны жыл сайын өсіруді қарастырады. Бірақ, өкінішке орай, бюджет шектеулі, сондықтан инфляция деңгейіне тарифтің өсуі байқалмайды. Қор тарапынан біз қосымша қаражат алдық, шамамен 2,5 млрд теңге. Ол медициналық қызметтерді сатып алу рәсімдеріне сәйкес медициналық қызмет көрсетушілерге беретін болады,  

деді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының директоры Батырбек Нұрғалиев.
Анара Бауыржанқызы

Recent Posts

«Теңіз ұстазы» фестивалі: Құлсарыда Жылыой ауданының ең креативті мұғалімдері марапатталып, білім берудің жаңа стандарттары таныстырылды

Құлсары қаласы, 25 ақпан 2026 жыл - Құлсары қаласында  «Теңіз ұстазы» ауқымды педагогикалық фестивалі өтті.…

3 недели ago

 Жылыой мұғалімдері оқу үдерісіне заманауи әдістемелерді енгізуде

Жылыой ауданында өткен жылдан бері функционалдық сауаттылықты дамытуға және мектептегі білім сапасын арттыруға бағытталған «Теңіз…

1 месяц ago

ЖОО оқытушыларының біліктілігін арттыруға арналған қысқы мектеп өтуде

Халықаралық білім беру корпорациясында 2026 жылғы 19-23 қаңтар аралығында Халықаралық білім беру корпорациясында (ҚазБСҚА) «Қысқы…

2 месяца ago

Абай университеті әлемдік QS рейтингінде «бес жұлдыз» үздік белгісіне ие болды

Марапат Сеул қаласында өткен QS Stars Award Ceremony рәсімінде берілді Бүгін Қазақстан мен Орта Азиядағы…

4 месяца ago

Колледж студенттері бәсекесі: білім мен зияткерлік сайысы өтті

Жамбыл облысында жастардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, интеллектуалды әлеуетін көтеруге бағытталған «Әулиеата — кітап оқитын…

6 месяцев ago

«Халық қатысатын бюджет» жобасы Таразда орындалуда

2026 жылы Тараз қаласында «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында 4 жоба жүзеге асырылады. Аталған жобаны…

10 месяцев ago