Қостанай облысының прокуратурасы «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Тергеу Қылмыстық кодекстің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы бойынша жүргізілуде.
13 қыркүйекте мекеме басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
15 қыркүйекте сотпен мекеме басшысына қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілді.
Қостанай облысының прокуратурасы хабарлағандай, тергеу жалғасуда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.