Қостанай облысы, Әулиекөл ауданындағы өрттен өлген жануарлар мен құстар санын анықтау бойынша комиссия жұмысы өтті. Бұл туралы «КН» ресми сайты жазд.ы.
Қазір ауданда өрт кезінде өлген ауыл шаруашылығы малы шығынын өтеу тәртібін нақтылау жұмыстары жүріп жатыр.
Қостанай облысы ветеринария басқармасы басшысы Ақат Шектібаев Әулиекөл ауданының Аманқарағай, Озерное және Лесное ауылдарында орман өрті кезінде өлген жануарлар мен құстар санын нақтылау бойынша комиссия жұмысының қорытындысын жариялады.
Жануарлар мен құстардың өртенген мәйіті табылды: ірі қара – 30 бас, ұсақ мал – 2 бас, шошқа – 105 бас, құс – 130 бас,
деді Ақат Шектібаев.