Қостанайлық полицейлер жоғалып кеткен 17 жастағы Ирина Сергушованы іздестіріп жатыр. Анасының айтуынша, ол 2022 жылдың 29 қазанында үйден шығып, қайта оралмаған.
Ерекшеліктері: сыртқы түрі еуропалық, бойы шамамен 170 см, орта денелі, сұр-көк көзді, қара шашты.
Үстінде: қара күрте мен қалпақ, қара колготки мен жемпір, ақ кроссовка болған.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматтың қайда екенін білетіндер полицияға 102 телефоны арқылы хабарласуын сұраймыз,
делінген хабарламада.