Қостанайдағы жарылыстан қаза болғандардың есімдері белгілі болды

Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі жарылыстан қаза болғандардың есімдері белгілі болды.

Өкінішке орай төрт адамды құтқару мүмкін боламды. Олардың есімдері мәңгі жадымызда сақталады: сатушы-кеңесшілер Ефимов Юрий Дмитриевич, Неводничий Александр Борисович, Мұрзабеков Темірлан Ержанович және қару-жарақ шебері Кравченко Вячеслав Викторович,

деп хабарлады «Оружейная палата» дүкенінің өкілдері.

Дүкен әкімшілігі аңшылыққа арналған ұнтақталған оқ-дәрі де, дүкеннің басқа да тауарлары мұндай күшті жарылыстың шығуына түрткі бола алмағаны анық деп отыр. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Авариялық-құтқару жұмыстары 15 сағатқа созылды. Сегіз зардап шегушіге медициналық көмек көрсетілді. Дүкенге келген бес адам, сатушы-кеңесші Некрасов Никита Юрьевич және кассир Дужик Светлана Владиславовна амбулаториялық емделуде. Директор Бескровный Сергей Васильевич ауыр халде жансақтау бөлімінде жатыр,

делінген хабарда.

Еске салсақ, Қостанайдағы қару-жарақ дүкеніндегі өрт 3 қыркүйек күні басталған. Белгілі болғандай, дүкеннің жертөлесінде 2 адам қалып қойған, ал қызыл жалын бірден 2 мың шаршы метр аумақтағы сегіз тұрғын үйді жалмаған. 3 қыркүйекте аталмыш дүкеннің директоры ауруханаға жеткізілген, өрт үдей түскен.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

18 часов ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

19 часов ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

19 часов ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

19 часов ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

21 час ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

2 дня ago