Қостанайда жалған полицей тұрғыннан ақша бопсалаған

Жалған полицейді ұстау операциясын Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік және Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармаларының қызметкерлері жүргізді.

Полицияға облыс орталығының тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол өзін ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлімшесінің қызметкері деп таныстырған белгісіз ер адамның ақша бопсалағанын хабарлады. Өтініш берушінің барлық дәлелдері мұқият тексеріліп, расталды,

деді Қостанай облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы бастығының орынбасары Қанат Меңдібаев.

Тексеру кезінде күдіктінің Қостанайға келген Ақмола облысының тұрғыны екені анықталды. Ол жәбірленушіні қылмыстық жауапкершілікке тартумен және зиянды мәліметтерді таратумен қорқытты. Осылайша ол екі миллион теңгеден астам қаражатты заңсыз алған.

Бірлескен жедел іс-шаралар нәтижесінде Қостанай облысы ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес және Өзіндік қауіпсіздік басқармаларының қызметкерлері 27 жастағы күдіктіні Қостанай қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ол сотпен тұтқындалды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр,

деп қорытындылады Серік Байғонов.

Қостанай облысының ПД азаматтарға қатысты заңға қайшы әрекеттер болған жағдайда дереу полицияға жүгіну қажеттігін хабарлайды.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Қазақстанда футболдан EURO-2024 ойындары көрсетіледі

14 маусымда Германияның Мюнхен қаласында футболдан XVII Еуропа чемпионаты басталады. «Қазақстан» телеарадиокорпорациясы Еуро-2024 матчтарын тікелей…

2 дня ago

Қазақстанда жаңа саяси партия тіркеледі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекова "Ынтымақ" саяси партиясы қашан мемлекеттік тіркеуден…

2 дня ago

Астанада мас күйінде көлік басқарған 45 жүргізуші сотталды

Қазақстан Республикасының заңнамасында көлік құралын мас күйінде басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікпен қатар қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.…

2 дня ago

Еңбек министрінің атынан жазылған хабарламалар — фейк

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпованың атынан әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі ашылған…

2 дня ago

Мұрат Әбділда сотқа жазасын ауыстыру жөнінде өтініш жасады

Осыдан 2 жыл бұрын әлеуметтік алауыздыққа бағытталған әрекет жасағаны үшін сотталған блогер Мұрат Әбділда сотқа…

2 дня ago

«Мүгедек боп оралды»: Шымкентте әке баласын әскерилер бопсалағанын айтты

Шымкентте әскерилер жас жігітті комиссариатқа күштеп апарып, пара беруге бопсалаған. Мерзімді әскерге шақырылушы ақша таппай,…

3 дня ago