Сайлауда жеңілген кандидаттардың 3 млн теңге жарнасы қайтарыла ма?

20 қараша күні сайлау өтті. Президенттікке үміткер алтауы да кімнің суырылып шығатынын білген болар. Халық білді де, сезді де. Соған қарамастан 460 484 азамат “бәріне қарсы” нұсқасын таңдаған. Қасым-Жомарт Тоқаев 81,31% дауыс жинап жеңіске жетті. Қалғандары 5%-дық межеден аса алмады.

«Сайлау туралы» Конституциялық Заңның 54-бабына сәйкес президенттікке үміткер Орталық сайлау комиссиясының шотына заңнамада белгіленген ең төмен жалақының елу еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізеді. Егер сайлау қорытындысы бойынша кандидат Республика Президенті болып сайланса немесе дауыс беру қорытындысы бойынша кандидат дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының кемінде бес пайызын алса, сондай-ақ кандидат қайтыс болған жағдайда, енгізілген жарна кандидатқа қайтарылады. Қалған жағдайлардың бәрінде енгізілген жарна қайтарылуға жатпайды және республикалық бюджет кірісіне алынады,

Әрбір кандидат Орталық сайлау комиссиясына елу еселенген ең төменгі жалақы мөлшері, яғни 3 млн теңгеден жарна енгізген болатын. Орталық сайлау комиссиясы жариялаған сайлаудың алдын ала қорытындысына сәйкес, Тоқаевтан өзге үміткерлердің ешбірі 5%-дық межеден аса алмады.

Яғни, олардың төлеген жарнасы – 15 млн теңге республикалық бюджетке түседі.

Сая Манарбековна

Recent Posts

Жалған техникалық тексеру 100 АЕК айыппұл салынбақ

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне автокөлікті жалған техникалық тексеруден өткізуге қатысты айыппұлды 30…

5 дней ago

Кредиті айлығының жартысына жеткендерге жаңа несие бермейді

Қазақстанда енді несие беру кезінде қарыздық коэффициентті есептеу жүйесі қолданылады. Егер адамның ай сайын төлейтін…

6 дней ago

Қазақстан бірегей көне қыпшақ кітаптарының цифрлық көшірмесіне қол жеткізді

Қазақстанның дәл бүгінгі қоғамдық өмірінде тарих қойнауында жинақталған бағалы деректерге баса назар аударудың маңызы зор.…

6 дней ago

Экс-министр Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамалды

Қазақстанның бұрынғы ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды дереккөз. 30…

7 дней ago

Қазақстан әуежайларында қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

2024 жылғы 1 мамырдан бастап еліміздің барлық әуежайларында авиациялық қауіпсіздікті күшейту бойынша вокзал маңындағы алаңдарда,…

7 дней ago

Мектепте соңғы қоңырау өтетін болды — министр үндеуі

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мектеп түлектеріне үндеу жасады. Министрдің айтуынша, оқу жылы маусым айына…

1 неделя ago