«Отадан кейін қараусыз қалды»: БҚО тұрғыны үш жасар сәбиінің өліміне дәрігерлерді кінәлайды

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданының тұрғыны Айдана Мұхамбетиярова үш жасар баласының өліміне дәрігерлерді кінәлі екенін айтып отыр. Оның айтуынша, тамағына жасалған операциядан кейін бүлдіршін мүлдем қараусыз қалып, көз жұмған. Бұл туралы Astanatv.kz хабарлады.

Үш жасар Айназға тамағындағы қабынған безді алып тастау үшін дәрігерлер ота жасаған. Ота сәтті өткен, бірақ кешке қарай бала мазасызданған. Марқұм бүлдіршіннің анасы Айдананың айтуынша, дәрігерлер отадан соң қызының жағдайына салғырт қараған.

Реанимациядан бір медбикені шақырады. Ол медсестра келеді, балаға ешқандай катетерді қоя алмайды. Баланың қолы мұздап бастайды, сол кезде катетерді қоя алмаған соң, екінші медбикені шақыртады. Ол баланың жағдайын көріп, бірден «дәрігерлерді шақырыңыздар», «бала тяжелый, одышка болып жатыр. Бала қиналып жатыр. Ешқандай катетерді сала алмаймын. Түгел шақырып, реанимацияға апарыңыздар» дейді. Бірақ екінші медбике оған құлақ аспайды. Қайтадан катетерді тыға береді,

дейді Айдана Мұхамбетиярова.

Оның айтуынша, дәрігерлер қызының жағдайы әбден нашарлағанда ғана көмек берген. Бұлдіршін 12 сағат бойы қиналған.

Дәрігер кешкісін бала қиналып жатқан уақытта келеді, бала өлердің алдында. Пульсін қарағанда бір-біріне ымдап бірдеме айтты. Кейін «апа, қызыңыздан айрылып қалдық, иманды болсын» деді. Дәрігерлердің салғырттығынан бәрі. Операциядан кейін қызым ешқандай дұрыс қаралмады,

дейді анасы.

Дәрігер Орынбек Жұбановтың айтуынша, марқұмның жүрегін ақауы бар екені анықталған.

Баланы операциядан соң өзім қарағанда бүкіл көрсеткіші қалыпты болды. Кенеттен әлсірегесін, жансақтау бөлімінде көмек жасадық. Кейін сәбиді сойып тексергенде жүрегінде ақау бары, бұл аздай пневмонияға шалдыққаны анықталды. Жалпы мұндай дерті бар балалардың бүкіл кеселі осындай операция кезінде өршіп кетеді әрі кез-келген ота — тәуекелге толы іс. Сәбидің ата-анасына қайғырып көңіл айтамын,

деді дәрігер.

Айдана Мұхамедиярова қызында бұрын «Даун» синдромы анықталғанын, бірақ ешқандай ауытқушылық болмағанын айтады.

Қазіргі уақытта полиция осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында дәрігерлердің кәсiби мiндетiн қаншалық талапқа сай атқарғанын тексеріледі. Марқұм қыздың ата-анасы заң органдарына жүгінбек.

Наргиза Аршидин

Recent Posts

Алматыдағы мәйітхана күзетшісінің сұмдық тірлігі

Ол қайтыс болған адаммен жыныстық қатынас жасады деген күдікке ілінді. Алматы қалалық Полиция департаменті аталған…

37 минут ago

Автобус жүргізушісін ұрғаны 3 адамның өліміне әкелген жігіт сотталды

Дархан Ахметжанов 8 жылға бас бостандығынан айырылды. Дархан Ахметжанов қылмыстық кодекстің 293-бабының 1-бөлігі және 351-бабының…

3 дня ago

«Қуандық қажы екен». Бишімбаев бес рет қажылыққа барған

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман әлеуметтік желіде көпшіліктің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап…

3 дня ago

«Имам садақаға түскен ақшаға Lexus алған» дейді

ҚМДБ мәлімдеме жасады. Әлеуметтік желі қолданушысы Оразбек Садықов тараздық имамның садақаға түскен қаражатқа қымбат көлік сатып алғанын…

3 дня ago

Алматыдағы автобус апаты: Сотталушы соңғы сөзін айтты

Алматыда үш адамның өмірін қиған автобус апатына қатысты қылмыстық іс бойынша сот жарыссөзінде Д.Ахмеджанов соңғы…

3 дня ago

Алматы әуежайында Air Astana ұшқышы есірткімен ұсталды

23 сәуір күні Алматы халықаралық әуежайында полиция қызметкерлері Air Astana әуе компаниясының екінші ұшқышы Қазыбек…

4 дня ago