Categories: Қоғам

«Страховка» арқылы шетелдік көлікпен жүруге тыйым салынады

Мұндай машинаға полисті өзге елдің азаматтары ғана рәсімдей алады.

Автокөлікті міндетті сақтандыру туралы заңның 10-бабына жаңа 5-2 тармақ қосылады, деп ескертеді kolesa.kz.

Ол бойынша:

«Қазақстан аумағында халықаралық қозғалыста жүрмеген көлік құралы иесінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі міндетті сақтандыру шартын жасауға мүмкіндік бермейді. Бұл жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ететін уәкілетті органның (Яғни, ҚР ІІМ ӘПК) бөлімшесінде тіркелген көлік құралына қатысты емес.

Мынадай машина халықаралық қозғалыста жүрген автомобиль деп саналады, «егер оны шетел азаматы немесе Қазақстанда тұруға ықтиярхаты жоқ адам басқарса, және:

  • ҚР аумағынан тыс жерде тұрақты тұратын жері бар жеке немесе заңды тұлғаға тиесілі болса;
  • Қазақстанда тіркелмесе;
  • Қазақстанға уақытша әкелінсе».

«Жол қозғалысы туралы» заңға тиісті өзгеріс енеді. Мұндай машина Қазақстанда бір жылға дейін тұра алады, бірақ жыл сайын 30 күн ел аумағында болмауы керек.

Басқаша айтқанда, енді сақтандыру алу үшін машина не Қазақстанда тіркелуі керек, не шетел азаматының меншігінде және оның басқаруында болуы керек. Қазақстан азаматы шетелдік нөмірі бар автокөлікке сақтандыру полисін рәсімдей алмайды. Соған орай мұндай машинаны сақтандыру арқылы бір-біріне сата алмайды.

Қыркүйекте Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Қазақстанда жүрген 100 мың шетелдік көліктің сақтандыру полисін жаңартуға тыйым салған. Бірақ бұл тізімге Ресейде тіркелген, Қазақстан азаматы мініп жүрген ресейлік машиналар енген жоқ. Жаңа жобаға қарасақ, жақында оларды да сақтандыруға тыйым салатын секілді. Мұндай көлікті 200 мың теңге төлеп, жеңілдікпен заңдастыруға болады, ол үшін машина сол рөлді болу керек және қылмыстық іздеуде жүрмесе болғаны. Бұдан кейін Қазақстанға өзі жүргізу және қайта сату мақсатында шетелдік көлік әкелуге болмайды.

Заңға өзгеріс пен толықтыру енгізу жобасын сенат қарап жатыр. Мақұлдаса, президенттің қол қоюына жібереді.

Айдын Қайнарұлы

Recent Posts

Студенттердің тамақтануы: фастфуд басым болып келе ме?

«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университеті (AlmaU) Алматының студент жастарының салауатты өмір салтына…

5 часов ago

Ақтауда мектеп күзетшісі оқушы қызды зорламақ болды

Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған, деп хабарлады sadaqmedia.kz. Білім беру ұйымының…

12 часов ago

Бектенов Ақмола облысында Президент тапсырмасының орындалу барысын тексерді

Премьер-Министр Олжас Бектенов жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды. Үкімет басшысы өңірдегі көктемгі егіс жұмыстарының барысын…

12 часов ago

СҚО-да аудан әкімінің орынбасары парамен ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті облыс аудандарының бірінің әкім орынбасары мен…

13 часов ago

Халықты оңтүстіктен солтүстікке қоныстандыруға бөлінген ақша ұрланды

Павлодар облысының прокуратурасы «Қуатты өңірлер - ел дамуының драйвері» Ұлттық жобасын іске асыру аясында (азаматтарды оңтүстік аймақтардан…

2 дня ago

Мемлекет басшысы Аида Балаеваны қабылдады

Президентке Мәдениет және ақпарат министрлігінің атқарған жұмыстарының нәтижесі, сондай-ақ ведомствоның алдағы қызметі барысында қолданылатын перспективті…

2 дня ago